Жаңалықтар

18.05.2017
Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері ХҚКО кеңес береді

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 17 бөлімінде, әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері қызмет жасайды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары міндетті медициналық сақтандыруға қатысты кеңес береді. Сонымен, ХҚКО-на келген әрбір азамат медициналық сақтандыруды ресімдеу процесі, тұрақты жұмыс орнына орналастыру, оқу орындарының түлектерін жастар тәжірибесіне жіберу, еңбек нарығында және қоғамдық жұмыстарда талап етілетін мамандықтар бойынша қайта даярлауға жіберу бойынша толық қамтылған жауапты алу мүмкіндіктері бар.
16.05.2017
«100 нақты қадам» Ұлт ЖоспарыСеминар өткізілді

Үстіміздегі жылдың 15 мамыры күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Б.Боранбайдың, аппарат басшысы Ж.Абитовтің, аудан әкімдігіне қарайтын бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің және бөлім басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамын жүзеге асыруға арналған семинар-кеңес болып өтті.
10.05.2017
ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДЫҢ БЕРЕКЕЛІ ТІРШІЛІГІ

БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ ЕҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ БІРІ – ОЙМАУЫТ АУЫЛЫ. АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН 210 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫҚТЫҚТА ЖАТҚАН БЕРЕКЕЛІ АУЫЛДА 127 ОТБАСЫ ТҮТІН ТҮТЕТІП ОТЫР. ӘЗІРГЕ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА ІРГЕЛЕС ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ТҰР. АЛ, ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН ЖАҚЫН АРАЛЫҚТА КӨРЕ ҚОЯДЫ ДЕП АЙТА ҚОЮ ҚИЫН. ОНЫМЕН ҚОСА, АУЫЛДЫҢ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ДЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМІН ТАБА ҚОЙҒАН ЖОҚ. ДЕГЕНМЕН, ОЙМАУЫТТЫҚТАРДЫ «КӨРІНГЕН ТАУДЫҢ АЛЫСТЫҒЫ ЖОҚ» ДЕП ЖҰБАТУҒА БОЛАДЫ. СЕБЕБІ, АУЫЛ ХАЛҚЫН ТҰЩЫ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІМЕН АУДАНДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫ ОРЫНДАР АЙНАЛЫСЫП ЖАТЫР. ӘЗІРГЕ СҰРАУЫ БАР ТІРШІЛІК НӘРІН ТАСЫМАЛДАП, САТЫП ІШЕ ТҰРУҒА ТУРА КЕЛЕДІ. СОНДАЙ-АҚ, ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ТА ОЛАР ҮШІН ӘЗІРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС. МІНЕ, ОСЫНДАЙ ТҮЙТКІЛДЕРГЕ ҚАРАМАЙ, ЖАҢАЖОЛ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛЫП, АУЫЗБІРШІЛІКТЕ ТІРШІЛІК КЕШУДЕ.
09.05.2017
Құрметті жерлестер!

Сіздерді қасиетті де Ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажырқайратының ең айтулы мерекесі. Бұл қасиетті мереке біз үшін халқымыздың батырлығы мен ержүректілігінің символына айналды. Жауынгер ата-бабабаларымыздың елінің еркіндігі, жерінің азаттығы жолында жасаған ерлігі - өмірге өнеге, ұрпаққа ұлағат. Бүгін – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн... Бұл күн - сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
07.05.2017
Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз мемлекетіміздің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғауға тас түйін дайын, туған жер шекарасының тыныштығын кірпік ілмей күзетіп, өзінің әскери, азаматтық борыштарын қалтқысыз атқарып жүрген Отан қорғаушыларды құрмет тұтамыз! Уақыт алмасып, заман өзгерсе де, өр рухты жауынгер ата - бабаларымыздың жүріп өткен даңқты жолдары мен олардың әскери рухы, Отанға деген кіршіксіз сезімі кейінгі толқынның бойынан заңды түрде жалғасын табары сөзсіз. Жас ұрпақты аңызға айналған айбынды бабаларының лайықты ізбасары ретінде кез келген шешуші сәтте Қазақстанның ұлттық мүддесі мен әрбір отандасының қауіпсіздігін қорғауға әзір екеніне сенемін! Бұл күн әрдайым бізге бейбітшіліктің, отансүйгіштіктің, әділеттіліктің және туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болып қала береді. Әрбір қазақстандықтың отбасына амандық, шаңырағына құт - береке, ел шекарасына мызғымас беріктік, ертеңгі күнге нық сенім және мемлекетіміздің игілігіне табысты еңбек ете берулеріңізге тілектеспін.
05.05.2017
«Байтақ Байғаниннен — құтты мекен Ақтөбеге»

Өткен аптада облыс орталығында Байғанин ауданы жастарының күні өтті. Жастар Сарайынада аудан әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Байтақ Байғаниннен — құтты мекен Ақтөбеге» деп аталған шарада "Экспо - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмені насихаттауға бағытталған көрме ұйымдастырылды. Аудан жастарының қолөнер бұйымдары мен жас кәсіпкерлердің өндірілген өнімдерінен жасақталған көрмені тамашалаушылар бұйымдар мен өнімдерге қызуғушылық танытты. "Болашақ - білімді жастар қолында!" деп аталған кезеңде Ақтөбе қаласында оқып жатқан байғаниндік студенттер аудан әкімі Асқар Шерияздановпен кездесті. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шасса, Жайдарман ойынында жалынды жастар ұтымды сөз, тапқыр әзілдерімен жиналғандарды күлкіге кенелтті.
05.05.2017
Далалық оқу жаттығулары басталды

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУДАНДЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА 2 - 6 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН ДАЛАЛЫҚ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ.
04.05.2017
ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Ауданда 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күні өткізілетін мерекелік шаралар бағдарламасы құрылды. 4 мамырда Т. Жармағанбетов атындағы орта мектеп алаңында аудандық білім бөлімінің ұйым дастыруымен барлық мектептер арасында далалық – оқу жаттығулары басталды. 5 мамыр аудандық музей үйінде 9 -10 сынып оқушыларымен «Отан рухы – биік, асқақ ұғым» тақырыбында кездесу кеші өтті. Ал. мамаырдың алтысында аудандық балалар және спорт мектебі алаңында «Елім деп соғар жүрегім» тақырыбында жастар флешмобы өтеді. 7 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Көк тудың желбірегені – елдіктің асқақ беделі» тақырыбында аудандық әндер байқауы өткізіледі. 9 мамыр «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» атауымен жалпыреспубликалық шеру ұйымдастырылуда.
04.05.2017
Білікті ұстаз іс – тәжірибесімен бөлісті

Т. Жармағанбетов атындағы орта мектепте аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және білім бөлімінің әдіскері Н. Нияздың ұйымдастыруымен «Жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы аясында мұғалімнің ізденісі мен шығармашылығы» атты Т. Жармағанбетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі А. Шаңдинаның іс – тәжірибесін тарату мақсатында аудандық семинар – практикумы өтті. Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының әдіскері С. Жұбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Р. Азова, мектеп директоры Р. Хайырмұхамбетов, аудандық білім бөлімінінің мамандары, ұстаздар және оқушылар қатысты. Семинарға қатысушылар шараның жақсы өтуіне сәттілік тіледі. Білікті ұстаз Айнаш Сембайқызының өмірі туралы «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты слайд көрсетіліп, бастауыш сынып мұғалімі Л. Шарипова мектеп өмірінен деректер оқыды.
03.05.2017
ЖЕҢІМПАЗДАР облыста өнер көрсетпек

Кішкентайынан өнерді сүйіп, балғын жүректердің бірі әнді сүйсе, бірі биді жанына жақын тартқан жас өнерпаздар жыл сайын өтетін дәстүрлі «Балдәурен - 2017» аудандық балалар шығармашылық байқауы мен «Жасдәурен - 2017» жастар мен студенттер фестивалінде бас қосты. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, олардың шығармашылықтарына жол ашып дамыту. Сондай – ақ, көркем шығарма арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды табу және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіншілігін арттыру. Елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» дүниежүзілік көрмесіне және ҚР Мемлекттік Рәміздерінің 25 жылдық мерейтойына арналған балалар шығармашылығы байқауы мен фестивалінің іріктеу кезеңінде аудан орталығындағы орта мектептерден, Б. Тәжібаев атындағы музыка мектебінен және ауданның 9 селолық округінен 70 – ке жуық өнерпаздар қатысты. Байқауға қатысушы дарынды жас өнерпаздар көптің алдына шығып, өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Байқауға қатысушылар вокал, халықтық орындау, халық және дәстүрлі әндерді орындау, хореография, драмалық жанр бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, өнер көрсетті. Жас өнерпаздардың өнерін бағалаған аудандық мәдениет үйінің балалар әдіскері Т. Мұқашев, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Қ. Беркалин, аудандық мәдениет үйі халық шығармашылығы әдіскері А. Жеткербай, аудандық мәдениет үйі «Қазанғап» ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Е. Қозыбаев, би жетекшісі Б. Қаймақбаева, Б. Тәжібаев атындағы музыка мектебінің домбыра үйірмесі жетекшісі Е. Қожабаев болды.
03.05.2017
Балғын арулар бақ сынады

Аудандық мәдениет үйінің балалар әдіскері Тайбек Мұқашевтің айтуынша, биыл екінші рет өтіп отырған шараның мақсаты ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, «қызға қырық үйден тыйым» көрсеткен ұлтымыздың қыз бала тәрбиесіндегі ерекшеліктеріне баса назар аудару. Алғашқы бөлімде байқауға қатысушылар өздерін таныстырды. Алғашқы 4 қатысушы таныстыруды мәнерлеп айтса, бесінші боп сахнаға шыққан №3 Қарауылкелді орта мектебінің қатысушысы Мирна Ержан ғана әуенді таныстыруымен көрерменді еліте білді. Десе де, қазылар алқасы қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, балғын аруларға бірін асырып, бірін түсіріп, баға қоймай, барлығына бірдей жоғарғы бағаны көтерді. Ондағы мақсат алғашқы аяқалыстарынан-ақ, қатысушылардың мысы басылып қалмай, бәсі биік болсын дегені еді.
02.05.2017
Мектептегі бірлік мерекесі

1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай №3 Қарауылкелді орта мектебінде директордың бастауыш кластары жөніндегі орынбасары Г. Собалованың ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік шара сайыс түрінде болды. Сайыста 1 сыныптар және мектепалды даярлық топтары өзара бақ сынады.
02.05.2017
ЕЛ БІРЛІГІ НЫҒАЙҒАН КҮН

Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай, 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінде Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің өнері мен мәдениетіне, халықтар бірлігіне құрметпен қарау, еліміздің тәуелсіздік жолында халықтар достығының дамуына үлес қосу аясында «Бір шаңырақ астында» атты халықтар достығы фестивалін өткізді.Фестивальға аудан орталығындағы барлық ұжым қатыса отырып, әр ұлттың киімдерін киініп, мерекелік шеруге шықты.
28.04.2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Елбасымыздың биылғы Жолдауы еліміздің үшінші жаңғыруына арналғаны белгілі. Алғашқы жаңғыруымыз Тәуелсіздікке қол жеткен тұста болған болса, екінші жаңғыру Елордамыздың Астана қаласы болуынан кейін жүзеге асты. Әуелгі мақсатымыз дамыған елу елдің қатарына қосылу еді, ендігі мақсат озық отыз елдің ортасынан ойып тұрып орын алу. Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан -2030» атты стратегиялық жоспарын жариялап, бұл межеге уақытынан бұрын қол жеткізген едік. Озық 30 елдің сапына 2050 жылға дейін енуіміз керек деген мақсатымыз айқын. Ол үшін бізге инновациялық жаңашылдық қажет. Экономиканы көтеру, теңгенің тұғырын бекіту секілді әлі де атқарар шаруа шаш етектен. Одан қалды халықаралық деңгейдегі шараларға қатысып қана қоймай, ондай шараларды өз жерімізде ұйымдастыру біздің елімізді әлемге танытып, өзге жұрттың бізбен санасуына, мойындауына әкеледі. Мысалы, биыл өткен Универсиада, маусым айында басталатын «ЭКСПО2017» халықаралық көрмесі осы сөздеріміздің дәлелі.
28.04.2017
Биылғы сынақ бұрынғыдан өзгерек

Биылғы түлектер 2 рет сынақ тапсырады. Әуелгісі мектептегі қорытынды аттестаттау болса, кейінгісі жоғары оқу орнына түсуге ниетті талапкерлерге арналған сынақ. Мектептегі емтихан формасы бұрынғыдай тек қана тест тапсырмаларынан тұрмайды. Биылғы түлектерге ана тілінде эссе жазу, Қазақстан тарихынан ауызша жауап беру мүмкіншіліктері қарастырылған. Тест түрінде өтетін сынақ түрі алғаш енгізіле бастаған тұста оқушылардың сөйлеу, өз ойын білдіру мүмкіншіліктері шектелді деген пікірлер айтылғанды. Енді міне, сол олқылықтың орны толғалы тұр. Эссе жазу арқылы білімі мен ойын қағаз бетіне түсірсе, төл тарихымызды ауызша баяндамақ. Есепті жазбаша шығарып, таңдау пәнінен тест тапсырады деп көзделіп отыр. Бұл сынақ процесінің барлығы оқушының өз білім ұясында өтпек. Ал, сынақтың келесі кезеңі Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынақ орталығында өтеді. Жоғары оқу орындарының грантына талас осы жерде басталады. Тестілеу орталығына арнайы өтініш білдірген талапкерлердің барлығының мүмкіншіліктері тең. Яғни, «Алтын белгі» мен үздік аттестат иегерлері өзгелермен бірдей сынақ тапсырады. Үздік бітірген оқушының бұл әлеуеті тек грандқа үміткер қатарласымен ұпайы тең болған жағдайда ғана пайдаға аспақ. Еліміздегі басты білім бәсекесі біздің ауданда қалай жүзеге аспақ? Талапкерлер мен ата – аналар не білуі керек? Міне, осы және өзге де сұрақтарға аудандық тестілеу орталығының жетекшісі Дәмет Толжанова жауап бермек.

Беттер