Жаңалықтар

20.04.2017
«Маусымашар – 2017»

Бұған дейін де Жайдарман ойындары ұйымдастырылып келеді. Биыл алғаш рет «Маусымашар – 2017» ойыны аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Ал, шараны өткізудегі басты мақсат «Аудан лигасын» құру болып табылады. Сонымен қатар, биылғы жылдың жаңалығы Жастар ресурстық орталығы мен облыстық «Жайдарман» филиалы бірігіп, Жастар ресурстық орталығы жанынан «Байғанин Жайдарман» филиалының ашылуы. Және де аталмыш орталықтың жетекшісі болып Жасұлан Серікұлы тағайындалды. Сая Сағынғалиева, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы: «Бүгінде жастар арасындағы жайдарман ойындарын өткізудегі мақсат, аудан жастары кеңінен танылып, алдағы уақытта Маусымашар ойындарында ең үздік командаларды республикалық деңгейге шығару». Бұл жолғы Маусымашар ойындарына ауданның ауылдық округтерінен 18 команда қатысып, бақ сынады.
20.04.2017
Аудан әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

ӨТКЕН СЕНБІДЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ҒИМАРАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. АУДАН БАСШЫСЫ АСҚАР ШЕРИЯЗДАНОВ, МЕКЕМЕ, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ МЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ МҰҚИЯТ ТЫҢДАДЫ. ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕНДЕРДІҢ ТАЛАП – ТІЛЕКТЕРІН НАЗАРҒА АЛҒАН ТӨРАҒА МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЗАҢ АЯСЫНДА ОҢ ШЕШІМІН ТАБАТЫНЫН ҰҚТЫРДЫ.
19.04.2017
Ауданға Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары келді

Жуырда Т.Жармағанбетов атындағы орта мектеп базасында аудан мектептерінің мұғалімдері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары жүздесті. Басқосудың басты мақсаты интеллектуалды мектеп ұжымының озық тәжірибесін үйрену, білім беру саласында бірлесе жұмыс атқару. Т.Жармағанбетов атындағы орта мектептің директоры Руслан Хайырмұхамбетовтің ұсынысы бойынша ауданға ат басын бұрған өңіріміздегі зияткерлік мектептің директоры Сабыржан Сәдуақасов, директордың орынбасары Нейтон Лоуер, Арнұр Маденов, физика пәнінің мұғалімі Азамат Исенғалиев, математика пәнінің мұғалімі Жанар Асанова, биология пәнінің мұғалімі Джоан Браун ауданның білім беру саласы қызметкерлерімен нәтижелі жұмыстар жүргізді.
19.04.2017
Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-анықтама алуға болады

Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.
17.04.2017
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА

ҚР Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылғы мөлшерден 20%-ға өседі. 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке сәйкес, ынтымақты зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға өсірілді, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 11%ға ұлғайтылады. Мәселен, егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға арттырылып, 43 600 теңге болды, енді 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11%-ға ұлғайтылып, мөлшері 48 396 теңге болады.
17.04.2017
Үшінші жаңғыру және білім

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында Елбасы төртінші басымдық-адами капитал сапасын жақсарту» бағытына ден қоюы көңіл қуантады. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге тиіс. Білім берудің экономикалық өсімнің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру арқылы оқыту бағдарламаларын, сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталу керек,- дейді Елбасы. Сонымен қатар, ІТ білімді және қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға көңіл бөлу керектігі және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі айтылған. Үш тілді оқуға кезең - кезеңмен көшу туралы ұсыныстарды әзірлеуді тапсыра отырып, қазақ тілінің басымдығын сақтауды және оның одан әрі дамына көңіл бөлінуі ана тіліміздің өрісінің кең жайылуына мүмкіндік береді.
14.04.2017
Ел үшін жасалған қадам

Президент Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен, жаңа идеяларымен еліміздің өсіп - өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады. Биыл да Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы тұтас бір дәуірдің ауқымындағы мемлекет атқаратын мақсат, міндеттерді қамтып, айқындап беріп отыр. Бұл қазіргі әлемдегі ахуалды, түбірлі өзгерістерді зерделеп барып жасалған мақсаты зор тарихи құжат. Бұл үшінші жаңғырту мақсаты Қазақстанды Мәңгілік Елдің межесіне жетелейтін темірқазық болмақ. «Нұр Отан» партиясының және әрбір нұротандықтың бірінші және басты міндеті - Мемлекет басшысы ұсынған бастамалардың маңыздылығын жүзеге асыру болып табылады.
14.04.2017
Парламент Сенатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болды

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік корпорацияның жұмысы, жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.
13.04.2017
«Рухты асқақтатар Рәміздерім!»

Осындай сенім мен сезімді жас буынның бойынан таба білсек және таныта білсек деген мақсатты ұстанған ішкі саясат бөлімі аудандық мәдениет үйінде «Рухты асқақтатар Рәміздерім» тақырыбында патриоттық кеш өткізді. ҚР мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған мерекелік шараға аудан орталығындағы 4 мектептің оқушылары және Байғанин техникалық колледжінің студенттері қатысты. Жастарды Мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге, елін, жерін сүюге, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге арналған шара ҚР мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Патриоттық кеште аудандық білім бөлімінің әдістемелік орталықтың меңгерушісі Жамаладинов Мұрат жастарды мерекемен құттықтап, Байғанин топырағы таланттарға кенде емес екендігін, олардың заңды жалғасы бүгінгі жастар екенін айтып, оқу мен өнерде оларға сәттілік тіледі.
13.04.2017
Ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру мәселесі талқыланды

Жуырда "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жұмыс тобының мүшелері біздің ауданға ат басын тіреді. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова бастаған топ екінші бағыт - кәсіпкерлік саласын қолдау, ауылда бизнес ахуалды қалыптастыру мәселесі бойынша жұмыстанды. Даму институтының өкілдері мен Атамекен кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Мұрат Тасин, аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ақсая Бөлековалар Миялы, Жаңажол, Сартоғай ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Аудан орталығындағы бірнеше кәсіптік нысандарға бас сұқты.
12.04.2017
Әлеуметтік бұрыштың әлеуметке көмегі

Аудандық «Жем – Сағыз» газеті ғимаратының бірінші қабатынан аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі әлеуметтік бұрыш ашқан болатын. Ондағы мақсат әлеуеті төмен әлеуметке қол ұшын созу. Аталмыш бөлімнің бас маманы Ақсая Бөлекованың айтуынша, алғашында аз қамтылған 10 отбасыға демеушілердің ұсынған азық – түлік түрлері мен киім – кешектері берілді. Алғашында аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен дайындалған киім – кешектер мен әлеуметтік азық – түлік түрлері ұсынылған болса, алдағы уақытта кез- келген жақсылық жасағысы келетін жан әлеуметтік бұрышқа пайдаланылған болса да, таза, үтіктелген киімдері мен артық тұрған бұйымдарын тапсырса болады. Пайдаланылмай тұрған бұйымдар мен киімдерді, яғни, артық заттарыңызды ысырап қылмай, өзгелермен бөліскен дұрысырақ дейді мамандар.
12.04.2017
Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Елбасымыздың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту,жаңа заңнамалар әзірлей отырып, жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жүргізілетін іс - шараларға арналған. Осы қадамды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін уәкілетті органдарға ғана емес, сонымен қатар барлық заңды және жеке тұлғаларға, қоғамдық ұйымдарға да қатысты болып, қолданылу аясы кеңейді. Енді бұл Заң әрқайсымызды сыбайлас жемқорлық іс - әрекеттеріне қарсы жүйелі түрде шаралар жүргізуді міндеттейді.
11.04.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, Департамент директоры Ергалиев Руслан Амандықұлы бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның орынбасарлары өз қолымен құжаттарды қабылдады.
10.04.2017
Жинақтарымыздың сақталуы және табысы

Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.
07.04.2017
БЖЗҚ туралы 5 сауал

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.

Беттер