Жаңалықтар

19.08.2012
Дін өкілдерімен кездесу

Дін өкілдерімен кездесу
Тамыздың 15-нде аудандық мәдениет үйінде дін өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге арнайы аудан әкімінің шақыртуымен «Нұр – ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков, республикаға белгілі теолог Асқар Сабдин, облыстық дін істері департаментінің маманы Төлеген Талдыбаев келді. Сондай-ақ, шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қожағали Аққожа, орталық мешіттің бас имамы Нұрлан Серікбаев, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары, мұғалімдер қатысты. Облыстағы жалпы діни ахуал, діни дәстүрлердің халық арасында таралуы жөнінде пікір алмасуды, мағлұмат беруді мақсат тұтқан олар кездесу барысында халықпен ашық-жарқын әңгіме құрып, қойған сауалдарына жауап берді. Басқосуда Әбдімүтәлі Дәуренбеков облыста бұрынғы уақытпен салыстыра қарағанда діни ахуалдың жақсарып келе жатқандығына тоқталды. Бас имам дін төңірегіндегі пікір қайшылықтардың орын алуын кешегі атеистік заман мен маман тапшылығынан көрсе, ахуалдың уақыт өте келе оң шешім тауып, тұрақтануын бүгінгі еліміздегі медреселер, діни ЖОО-ның ашылуымен түсіндірді.
17.08.2012
«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 5-ші жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл бірінші тамыздан басталып, 30 қыркүйекте аяқталады. Дәстүр бойынша акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
09.08.2012
Теміржолшылар мерекесі тойланды

Теміржолшылар мерекесі тойланды
Өткен сенбі күні №3 Қарауылкелді орта мектебінің спорт алаңында теміржолшылар мерекесі кеңінен аталып өтілді. Кәсіби мерекеге Қарауылкелді теміржол стансасының жұмысшы - қызметкерлері, теміржолшы ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты мерекеде аудан әкімінің орынбасары Абат Аманғосов теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, темір жол саласы орасан зор қызмет атқаратын қызығы мен шыжығы мол саланың бірі екендігін ерекше атап өтті. Әсіресе, Қарауылкелді стансасының теміржолшыларының ерен еңбектерін де елеусіз қалдырмады.
Сондай – ақ, аудандық мәслихаттың депутаты, Байғанин аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары Аманғос Сәрсенов теміржол саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, оларға игі тілек білдірді. Ол өз сөзінде Қарауылкелді стансасының мәселелерін айтып, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын табатындығын да айтып өтті.
03.08.2012
Қуаңшылықтың зардабы қандай?

Биылғы жыл еліміздің біраз өңірлері үшін қолайсыз болды. Жауын-шашынның кемдігі аптапты ыстық егіннің бір бөлігін күйдіріп жіберді. Табиғи шабындықтың шығымы нашарлады. Елбасына осы жағдай жөнінде жақында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі баяндады. Онда қуаңшылықтың басқа өңірлермен бірге, Ақтөбе аймағын да шарпығаны айтылған еді. Біз осы мәселеге байланысты республикада және жергілікті жерде нендей шаралар алынып жатқанын нақтырақ білмек болып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастағы Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.

Беттер