Жаңалықтар

17.02.2017
Қарауылкелді ауылдық округіне – 15 жыл!

Облысымыздағы жер көлемі жағынан екінші орынды алатын Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылы 15 жылда зор табыстарға жетті, әлі де даму үстінде. Аудан тарихы 1928 жылдан бастау алатын болса, Қарауылкелді ауылы тарихи дерек бойынша 1940 жылы қалыптасқан екен. Уикипедия дерегі бойынша, бастапқыда Атырау – Ор мұнай құбырын салу кезінде шағын жұмысшылар ауылы болып құрылыпты. Байғанин ауданының энциклопедиясында аудан құрылған жылдары орталығы 1930 жылға дейін Қаражар ауылы болса, кейін Жарқамыс болған екен. Ал , 1963 жылдан бастап аудан орталығы Қарауылкелдіге ауысқаны белгілі. Қарауылкелді атауының шығуы туралы да ел аузында аңыз, әңгімелер бар. Соның бірі Табындар қазақ - қалмақ соғысы кезінде жаудың шама - шарқын байқау үшін қарауылға адам қойған екен. Бірде қарауылда тұрған адам жан-жақтан хабар алмақшы болып, жолға шығып кетеді. Халық қарауылдың ұзақ уақыт бойы хабарсыз кеткеніне күмәнданып, секем ала бастайды. Қырдың басына шығып, жан жақтың тыныштығын аман - есен біліп келе жатқан қарауылды көрген бала: «Қарауыл келді, қарауыл келді!» - деп, қуана айғай сап, ауылға жүгіріпті - міс. Содан былай бала тұрған қыр «Қарауылкелді» деп аталып кеткен деседі. Ал, селолық округ болып қалыптасуы, дамуы турасында ауыл әкімі Ерназар Қалиевтен сұраған едік. Жалпы, аудан орталығының бүгінгі тыныс – тіршілігінен, хал – ахуалынан хабардар боламын десеңіз, мархабат...
17.02.2017
Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу-еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әр заманда ол өзінше көрініс тауып , өзектілігін жойған емес. Онымен күресу де әр уақытта , әр қилы сипат алған. Десек те, бұл кеселмен күрес әлі күнге жалғасып келе жатқандығы қынжылтады. Жемқорлыққа бармас бұрын әр адам өз қылығының ертең Заңмен қудаланытынын ескергені жөн. Адам баласының мәңгі жасамайтынын ескерсек, бұл өмірде арың таза болып өткенге не жетсін. Арға түскен күйені жусаң да , кетпейтінін ұққаныңыз жөн. Негізгі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін , ең алдымен үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізген жөн шығар. Бұл жағынан Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлеріне үнемі жиындар өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жайлы және оның зардаптары туралы нақтылап айтып отырады.
16.02.2017
Ветеринария саласы салдыр – салақтықты көтермейді

Өткен 2016 жылы ауданда 353 бас мал бруцелезге шалдыққан. Ал, 2015 жылы 356 бас құрбан болыпты. Бұл жөнінде өткен жұмада Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында өткен жиында мәлім болды. Сонымен қатар, жиында ветеринарлық саланың аудандағы жай - күйі талқыланып, ветқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты шараларға көшу керектігі айтылды.
15.02.2017
Қайырымдылық — қадірлі іс

Жақында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ғазиз» мейрамханасында «Үміт сәулесі» атты қайырымдылық кеші өтті. Бұл шараны өткізуге аудан әкімшілігі қолдау көрсетіп, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, кәсіпкерлер өз үлестерін қосты. Қайырымдылық мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Мейірімді жандардың мерейлі мерекесіне ұйымдастырылған қайырымдылық шарада аудан әкімінің орынбасары Шара Қуанышқызы сөз бастап, «Шаттық» үлгілі би тобы тамаша билерімен жалғады. Қайырымдылық кешке атсалысып келген қайырымды жандар Сұлтанбай Жалғасбаев, Аманғали Әзілов, Әсел Сарманова, Қанат Қойшығұлова, Галина Мұңайтпасова, Лаура Нұрғазы, Нұрлан Емен, Базарбек Боранбай, Қарабалин Шамғон, Маржан Жәдігерқызы, Айнагүл Ізімова, Көшербай Қожанов, Темірбай Мұқанов, Мұрат Дабысов, Ақкүміс Қоңқаева, Бибігүл Наурызова, ауылдық округ әкімдері, аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы, аудандық мәдениет үйі және мекеме басшылары қаржылай көмек көрсетті.
14.02.2017
Аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды

Жайдарман қазіргі кезде жастың да, жасамыстың да көзайымына айналып үлгерген заманауи әзіл-шыны аралас ойын екені сөзсіз. Өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан «Аудан әкімінің ауыспалы кубогі» жайдарман ойыны өткен болатын. Алыс аудандар мен облыс орталығынан жиналып, топ жарған өрендер өнерлерін ортаға салу үшін үміттерін үкілеп, үздіктерін сайлап келгендері көрініп – ақ тұрды. Аудан әкімінің ауыспалы кубогін сарапқа салуға барлығы 12 команда қатысып, өз әзілдерін көрермендер назарына ұсынған болатын.
09.02.2017
«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

Аудандық мәдениет үйінде осындай атаумен әдеби – сазды композициялар байқауы өтті. Аудандық байқау ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылды. Жастар арасында Мұқағали шығармаларын насихаттау мақсатында өткен сайысқа 16 мен 29 жас арасындағы мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» деп аталған бөлім бойынша қатысушылардың бір парасы ақын өлеңдерін жатқа оқыса, «Аққудың қанатына жазылған жыр» деген аталыммен қатысушылардың бірсыпырасы ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. Қатысушылар көркемсөз және ән жанры бойынша марапатқа ие болды. Байқау ережесі бойынша, қатысушыларға қойылған талап автор өлеңін мәнерлеп, сөзіне жазылған әнді өз нәшінде орындап, көптің көңілінен шығу.
08.02.2017
БЖЗҚ туралы 5 сауал

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.
08.02.2017
Зейнет жасына таяп қалған адамдарды, сондай-ақ, зейнетке шыққан зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы тө

Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда);
- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.
06.02.2017
Жарлыда бизнес – инкубатор ашылады

Өткен бейсенбіде Көлтабан селолық округінің тұрғындары аудан әкімі Мамырғали Аққағазов пен округ әкімі Сүлеймен Бітімбайдың есебін тыңдады. Әкімдер өткен жылды қорытындылап, тұрғындар сауалдарына жауап берді.
03.02.2017
Шаруалар ауылшаруашылығы мақсатындағы су мен электр жөнінен көмек сұрады

Өткен аптада аудан әкімі Мамырғали Аққағазов Ащы селолық округі тұрғындарының алдында есеп берді. Жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Көбенов, облыс әкімінің аудандағы қоғамдық кеңесшісі Ибраһим Ермекбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақтыгерей Тұрлыбаев, Ащы селолық округінің әкімі Нұржан Жанин және бірқатар бөлім басшылары қатысты.
02.02.2017
АУДАНДА ГАЗ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

ОБЛЫС ӘКІМІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ШАЛҚАР БАЙБЕКОВПЕН БІРГЕ АУДАН ӘКІМІ МАМЫРҒАЛИ АҚҚАҒАЗОВТЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ. ЕСЕПТІК ЖИЫНҒА «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» КЕҢЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ӘМІРҒАЛИЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӘСІПКЕРЛЕР, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, МЕКЕМЕ, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. ЖИЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН РЕФОРМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ БАРЫСЫ МЕН АЛДА ТҰРҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР ЖӨНІНДЕ ХАБАРДАР ЕТІЛДІ.
01.02.2017
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басты міндет

КЕЗЕКТІ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ МИЯЛЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ. АУДАН ӘКІМІ МАМЫРҒАЛИ АҚҚАҒАЗОВ ПЕН ОКРУГ ӘКІМІ ИСАТАЙ МӘНІБАЕВ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ. ЖИЫНҒА АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСШІСІ ИБРАҺИМ ЕРМЕКБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ БАҚТЫГЕРЕЙ ТҰРЛЫБАЕВ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ҚАТЫСТЫ.
01.02.2017
Шалғайдағы ауыл тіршілік нәріне зәру

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа әр жылғы жолдауының өзіндік саяси мәні мен әлеуметтік экономикалық маңызы бар. Жолдауда айқындалған міндеттер мен жүзеге асырылып жатқан шаруалардың жемісін, тұрғындардың жағдайларының жақсаруы арқылы сезінуге болады. Жаңажол ауылдық округінде аудан әкімі М.Аққағазов пен ауыл әкімі Қуанышбек Қоңқаев халық алдында есеп берді. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдың тыныс – тіршілігін тізбектеп өтсек. Жаңажол ауылдық округіне қарасты 4 далалық қыстақ, 1 жалпы орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 балалар бақшасы, ветстанция, қазпочта, қазақтелеком, алтель интернет желісі, теледидар тарату бөлімшесі, 24 шаруа қожалық және 1 ЖШС –гі жұмыстарын мүлтіксіз атқарып тұр. Округтегі жалпы халық саны 700 адам, 126 отбасы. Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 700 000 теңге бөлініп, оған әкімшілік жанынан ауыл балаларына арналып ойын алаңы салынған. Сонымен қатар ауыл үшін ең маңызды мәселенің бірі болып отырған ауыз судың сметалық құжаттарын дайындау үшін де 18 млн теңге қаралған. Әдеттегідей қыстың қамын жазда ойлап қоятын халқымыздың әдетенінен жаңылмаған ауыл тұрғындары жазғытұрым бірнеше шаруа қожалықтың тынымсыз еңбегінің арқасында шабындықтағы шөп уақытында шабылып, жемшөппен қамтылған.
31.01.2017
Ауыл тұрғыны балық шаруашылығын қолға алмақ

Өткен жұмада Ебейті ауылында аудан әкімі Мамырғали Аққағазов пен Қопа селолық округінің әкімі Мүрсін Байтақ халық алдында есеп берді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің аудандағы қоғамдық көмекшісі Ибрахим Ермекбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақтыгерей Тұрлыбаев және бірқатар бөлім басшылары ауыл тұрғындарының көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
30.01.2017
Қысқы универсиада алауын жақты

Елімізде өтіп жатқан ХVІІІ қысқы универсиаданың ашылуына қолдау көрсету мақсатында аудан спортшылары жиналған аудандық мәдениет үйі алаңында байрақты бәсекенің салтанатты ашылуы өтті. Оған аудан әкімі Мамырғали Аққағазов бастаған бір топ мекеме басшылары, ұстаздар және спортшы жастар қатысты. Жиын жүргізушісі универсиада бәсекесіне жоғарғы оқу орындарында оқитын 17 – 28 жас аралығындағы студент жастар қатысып, спорттың 15 түрінен, яғни, шайбалық хоккей, биатлон, шаңғы тебу, шаңғы көпсайысы, сноуборд, фристайл, шаңғымен трамплиннен секіру, конькимен жүгіру, шорт – трек, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, керлинг сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсетіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар, қысқы универсиадаға 57 елден 2000 мыңнан астам спортшылар қатысатындығын атап өтті.

Беттер