ХҚКО – ның беретін мүмкіндіктері

Енді «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметті ХҚКО-тарында ғана алуға болатын болады.
2014 жылдың 7 сәуірден бастап «жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызметті тек ХҚКО-да жүзеге асыруға болатын болады.
Осы мемлекеттік қызметке тапсырыс беру үшін қажетті құжаттар тізімі:
· тапсырыс берушінің өтініші;
· тұтынушының жеке куәлігі;
· тұтынушының өкілеттігін растайтын құжат (сатып алу-сату шарты), жеке тұрғын үйлер болса, оған жер актісі қажет, ал объектті өзгертетін, жаңартатын немесе өзгертіп жабдықтайтын болса, онда техникалық паспорттын түпнұсқасы қажет болады;
· техникалық паспорт бергені үшiн ақы төленгенін растайтын құжат және де, бекітілген бағалар прейскурантына сәйкес мемлекеттік техникалық тексеруден кейін қосымша төлем алынуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
· пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт 3 жұмыс күнi ішінде беріледі;
· жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына 7 жұмыс күнi ішінде берiледi;
· жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне 10 жұмыс күні ішінде беріледі;
· жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспортты 20 жұмыс күні ішінде берiледi.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойыншы «Бірыңғай байланыс орталығына «1414» хабарласуыңызға болады.
ХҚКО – ның беретін мүмкіндіктері
Еліміздің ХҚКО – ның барлық филиалдарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлері ешқандай кедергісіз қызмет көрсетіледі. 1, 2 санаттағы мүгідектігі бар азаматтар немесе өз күшімен орталықтарға қатынаса алмайтындар, сонымен қатар, ҰОС ардагерлері ХҚКО- мен ұсынылатын барлық мемлекеттік қызметтеріне үйінен шықпай-ақ, тапсырыс бере алады. Ол үшін оларға не бары «1414» «Біріңғай байланыс орталығына» қоңырау шалып, қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес немесе өзіне керекті мемлекеттік қызмет түріне тапсырыс бере алады. Қазақстанның барлық телефон операторларынан «1414» «Біріңғай байланыс орталығына» қоңырау шалу тегін. «Біріңғай байланыс орталығының» операторлары тапсырысты тіркегеннен кейін, азаматтың белгілеген мекен жайына жақын орналасқан ХҚКО- на тапсырысты жібереді. ХҚКО- ның арнайы құрылған жедел топ қызметкерлері тапсырыс берушінің мекен жайына 72 сағат ішінде барып, құжаттарын қабылдап, кейін дайын құжаттарды бекітілген стандарт бойынша қолына тапсырады. Сонымен қатар, ХҚКО – ның мобильдік топ қызметкерлері тұтынушының қалауымен «Электрондық үкімет» порталы және электрондық - сандық қолтаңба арқылы электронды форматтағы алынатын мемлекеттік қызметтерге өз бетінше тапсырыс беру жолдарын көрсетіп, кеңестерін береді.
«1414» «Біріңғай байланыс орталығына» қоңырау шалып, мемлекеттік қызметке тапсырысты беру, 2013 жылдың қазан айынан бастап жұмысын атқарады. Ақтөбе облысы бойынша, өткен жылы 17 тапсырыс қабылданып, орындалса, 2014 жылдың басынан бастап, наурыз айына дейін, Ақтөбе облысы бойынша 76 тапсырыс қабылданып, орындалғаны туралы хабарлаймыз.