2017 жылға Байғанин ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

2017 жылға Байғанин ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы
Есебі
Ақпараттаға ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтылығы «мемлекет азаматтарға қызмет ету» қағидасын іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.
Аудандық жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сүйене отырып мемлекеттік қызметтер көрсетеді, сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі бекітілген жаңа мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 709 түрі болса, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер 108 түрі көрсетіледі.
2017 жылы ауданда 136216 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация (бұдан әрі- мемлекеттік корпорация) арқылы – 5422.
Есептік кезеңде Байғанин аудандық жергілікті атқарушы органдарымен баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 4965 рет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 4430 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үлесі 89,2%-ды құрады.
Тек қана мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 992 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 992 мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіліп, тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 100 %-ды құрады.
2017 жылы 4019 мемлекеттік қызмет электрондық түрде және 119943 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үлесі 3,2 %-ды құрап отыр.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 4019 қызмет, қағаз түрінде 119943 қызмет көрсетілген, жергілікті атқарушы органдарымен электрондық форматқа көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 3,2% -ды құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдарда, тұтынушының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері орналастырылған ақпараттық стендтермен жабдықталған.
Сонымен қатар, ресми интернет ресурстарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, шағымдану тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушінің байланыс мәліметтері, сондай-ақ қызметті онлайн режимінде алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» тарауы бар.
2017 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» өлшемі көрсеткішін жақсарту жөнінде іс шаралар жүргізілді.
Есептік кезеңде, 7 мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері сақталмай көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;