Әлеуметтік көмек

Жыл басынан бері 1 отбасындағы 5 адамға 45,0 мың теңгенің мемлекеттік атаулы көмегі берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 отбасындағы 16 адамға азайып отыр.
2012 жылдың 1 қыркүйегі бойынша 1197 баласы бар 422 отбасы 11650,4 мың теңгеге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысымен қамтылды.
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №317 шешімімен аудан бойынша 8 ҰОС қатысушысы мен мүгедектеріне, 69 ҰОС құрбан болған немесе қайтыс болғандардың жесірлеріне, 12 ауғандық жауынгерлер мен олардың отбасыларына, 7 Чернобыль және Семей ядролық апат аймағында болғандарға, 4 бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, 197 тыл ардагеріне коммуналдық төлемдерден жеңілдіктер берілді, 5830,7 мың теңге.
Мүгедектермен және жалғызбасты қарт азаматтармен тұрақты түрде жұмыс жүргiзiлiп келеді. Аудан бойынша 530 мүгедек есепте тұрады. Олардың 100 -і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. 38 мүгедек әр түрлі салада жұмыс жасап жатыр. Облыс әкімінің 156 қаулысына сәйкес 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар және әлеуметтік жәрдемақы алушы 1,2,3 топ мүгедектері 538 адамға айына 3000 теңгеден өтемақы төленеді.