Қабылданған

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және 22-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 1-қосымшаның 3-тарауын, осы бұйрыққа 3-қосымшаны және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 3-қосымшаның 81-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________ Е. Біртанов
2017 жылғы «____» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» _________
Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде 26 ақпан 2015 жылы № 4207 болып тіркелді
Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы
27 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы
аумағында сайлау учаскелерін құру
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес, Байғанин ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы №1 «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3775 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпанда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Аққағазов
КЕЛІСІЛДІ:Байғанин аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы
___________ Қ.Аққожа
Оймауыт ауылы село Оймауыт
« 25 » қараша 2014 жыл №06
Жаңажол селолық округі әкімінің
2011 жылғы 05 қазандағы №03
«Жаңажол селолық округі
құрамындағы бөліктеріне
атау беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 05 қазандағы №03 «Жаңажол селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-123 тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашада "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңажол ауылдық округі әкімі: И.А.Мәнібаев
« 25 » қараша 2014 жыл №07
Жаңажол селолық округі әкімінің
2011 жылғы 5 қазандағы №04
«Жаңажол селолық округінің
көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы №04 «Жаңажол селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-124 тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», "селосына" сөздері тиісінше «ауылдық» "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңажол ауылдық округі әкімі: И.А.Мәнібаев
Миялы ауылы село Миялы
«24» қараша 2014 жыл № 7
Миялы селолық округі әкімінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 2
«Миялы селолық округі құрамындағы
бөліктеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 3аңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Миялы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі №2 «Миялы селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-119 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округінің әкімі: Қ.Әлжан.
«24» қараша 2014 жыл № 6
Миялы селолық округі әкімінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі №1
«Миялы селолық округінің
көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 3аңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Миялы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі №1 «Миялы селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-118 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосына» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округінің әкімі: Қ.Әлжан.
Қарауылкелді ауылы село Карауылкелды
«05» қараша 2014 жыл № 243
Байғанин аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 26 сәуірдегі №102
«Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін
жұмыс орындарының квоталарын
белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №102 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-114 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін»;
көрсетілген қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.»
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М.Аққағазов
Жарқамыс ауылы село Жаркамыс
«12» қараша 2014 жыл № 27
Жарқамыс селолық округі әкімінің
2011 жылғы 12 қазандағы № 12
«Жарқамыс селолық округі құрамындағы
бөліктеріне атау беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жарқамыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқамыс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы №12 «Жарқамыс селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-126 тіркелген, 2011 жылғы 03 карашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқамыс ауылдық округінің әкімі М.Ажимкин
Жарқамыс ауылы село Жаркамыс
«12» қараша 2014 жыл № 26
Жарқамыс селолық округі әкімінің
2011 жылғы 12 қазандағы № 11
«Жарқамыс селолық округінің
көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жарқамыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жарқамыс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 11 «Жарқамыс селолық округінің көшелеріне атау беру туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-125 тіркелген, 2011 жылғы 03 карашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын,шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқамыс ауылдық округінің әкімі М.Ажимкин
2014 жылғы 13 қарашадағы № 4068 Алтай батыр ауылы
Сартоғай ауылдық округі әкімінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі №03
«Сартоғай селолық округінің көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы негізінде және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабына сәйкес, Сартоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №03 «Сартоғай селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011жылғы 25қазандағы №3-4-120 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінің №44(7092) жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Сартоғай ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы», шешімнің орыс тіліндегі атауы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округі әкімі: Е.Карабасов
2014 жылғы 13 қарашадағы № 4069 Алтай батыр ауылы
Сартоғай ауылдық округі әкімінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі №04
«Сартоғай селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы негізінде және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабына сәйкес, Сартоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №04 «Сартоғай селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011жылғы 25қазандағы №3-4-121 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінің №44(7092) жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Сартоғай ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы», шешімнің орыс тіліндегі атауы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округі әкімі: Е.Карабасов
2014 жылғы 14 қарашадағы № 4072 Қызылбұлақ ауылы
Қызылбұлақ селолық округі әкімінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі №11
«Қызылбұлақ селолық округінің
көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылбұлақ селолық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі №11 «Қызылбұлақ селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-122 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Ф.Казиева
2014 жылғы 14 қарашадағы № 4071 Қызылбұлақ ауылы
Қызылбұлақ селолық округі әкімінің
2011 жылғы 28 қазандағы №12
«Қызылбұлақ селолық округі
құрамындағы бөліктеріне
атау беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылбұлақ селолық округі әкімінің 2011 жылғы 28 қазандағы №12 «Қызылбұлақ селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-131 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Ф.Казиева
2014 жылғы 13 қарашадағы № 4070 Ноғайты ауылы
Ащы селолық округі әкімінің
2011 жылғы 14 қазандағы №10
«Ащы селолық округінің
көшелеріне атау беру» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Ащы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы №10 «Ащы селолық округінің көшелеріне атау беру» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-127 тіркелген, 2011 жылғы 13 қарашадағы "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округі әкімі С.Жұбан
2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 Қарауылкелді ауылы
Сайлау өткізу кезеңінде үгiттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Байғанин аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша) сайлау өткiзу кезеңiнде үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ерғалиевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Н.Аққұл
КЕЛІСІЛДІ:
Байғанин аудандық сайлау
комиссияның төрағасы:
___________Қ.Аққожа
«___»_________2014жыл
2014 жылғы 1 сәуірдегі № 94 Қарауылкелді ауылы
2014 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді
ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 1,3 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына, сәйкес Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қарулы күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азамттарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2.Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) «Байғанин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) шақыру қорытындысы туралы 2014 жылдың 5 шілдесінде және 2015 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға және «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Құлниязовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы: А.Ерғалиев
2014 жылғы 24 ақпандағы № 58 Қарауылкелді ауылы
Байғанин ауданы аумағында
көшпелi сауданы жүзеге асыру
үшiн арнайы орындар белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi № 544 «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 371 «Iшкi сауда Ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес Байғанин ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ерғалиевке жүктелсiн
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Н.Б.Аққұл
2014 жылғы 17 ақпандағы № 53 Қарауылкелді ауылы
Байғанин ауданы бойынша мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Аққұл
2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 Қарауылкелді ауылы
Байғанин ауданы аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, Байғанин ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерi қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Қошановқа жүктелсiн.
3. Осы шешiм оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Аққұл
Байғанин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы
21 қазандағы №194 қаулысының
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес Байғанин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы №194 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қарашада №3665 болып тіркелді, аудандық "Жем-Сағыз" 2013 жылғы 21 қарашадағы №48(7202) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі Н.Аққұл
Байғанин аудандық әкімдігінің қаулысы
2013 жылғы 03 қазандағы № 183 Қарауылкелді ауылы
Байғанин аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 27 наурыздағы №54
«Байғанин ауданы бойынша нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесін белгілеу туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №124-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы №54 «Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 6 сәуірде №3-4-144 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде «Жем Сағыз» аудандық газетінің №18, (7110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Аққұл
Облыстық Әділет департаментінде 2013 жылдың 23 қазанында №3655
болып тіркелген
Байғанин аудандық әкімдігінің қаулысы
2013 жылғы 03 қазандағы № 184 Қарауылкелді ауылы
Байғанин аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 8 ақпандағы №23
«Байғанин ауданы бойынша
ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №124-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы №23 «Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 23 ақпанда №3-4-13 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурызда «Жем Сағыз» аудандық газетінің №10(7110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Аққұл
Облыстық Әділет департаментінде 2013 жылдың 23 қазанында №3656
болып тіркелген
Байғанин ауданы әкімдігі мен әкімінің
2012 жылғы 1 шілде жай-күйіне
күшінде тұрған нормативтік құқықтық актілері
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі №68
«Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квота белгілеу туралы» қаулысы
(мемлекеттік тіркелген №3-4-98, 06.05.2010 жыл);
2. аудан әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №102
«Белгілі санаттағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысы
(мемлекеттік тіркелген №3-4-114, 11.05.2011 жыл);
3. аудан әкімдігінің 2012 жылєы 8 ақпандағы №23
«Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы
(мемлекеттік тіркелген №3-4-139, 23.02.2012 жыл);
4. аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы №54
«Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін бекіту туралы» қаулысы
(мемлекеттік тіркелген №3-4-144, 06.04.2012 жыл);
5. аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №58
«2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысы
(мемлекеттік тіркелген №3-4-146, 13.04.2012 жыл).
6. Облыстық Әділет департаментінде 2012 жылдың 1 қазанында №3418
болып тіркелген
Байғанин аудандық әкімдігінің қаулысы
11 қыркүйек 2012 жыл №188 Қарауылкелді ауылы
Байғанин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №102 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №102 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-4-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырдағы № 22(7070) «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы «бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған» сөздері «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған» сөздерімен ауыстырылсын;
2 тармақтағы «бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған» сөздері «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М.Аққағазов
7. Облыстық Әділет департаментінде 2012 жылдың 4 қазанында №3421
болып тіркелген
Байғанин аудандық әкімдігінің қаулысы
21 қыркүйек 2012 жыл №207 Қарауылкелді ауылы
Байғанин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №58 «2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №58 «2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 13 сәуірде № 3-4-146 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 18(7118) «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы шақыру комиссиясының құрамынан Аманғос Абат Қожайұлы шығарылсын;
көрсетілген құрамға:
Спанова Шара Қуанышқызы – Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М.Аққағазов
8. Облыстық Әділет департаментінде 2013 жылдың 6 маусымында №3595 болып тіркелген Жарқамыс селолық округінің әкімінің шешімі
30 мамыр 2013 жыл №12
Шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1,27 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2013 жылғы 27 наурыздағы №77 ұсынысының негізінде, Жарқамыс селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Үй жануарынан (ит) құтыру ауруының шығуына байланысты Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс ауылында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
2.Жарқамыс селолық округінің мал дәрігері (Ж.Құмарғалиев) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
3.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау селолық округ әкімінің бас маманы К.Қалиға жүктелсін.
4.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқамыс селолық округінің әкімі М.Ажимкин