Бизнесті ұйымдастыру және дамыту

Ауыл шаруашылығы :
Ауданның ауылшаруашылығы саласында 248 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 7 ЖШС, 3 ауылдық тұтыну кооперативі жұмыс жасайды.
Үстіміздегі жылы 75 га жерге картоп, 70 га жерге көкөніс, 3,5 га жерге бау-бақша өнімдері егілді. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 3388,1 млн тегңені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылға осы кезеңмен салыстырғанда 124,3 пайызға артық болып отыр.
Аудан бойынша асыл тұқымды мал санын көбейту жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара малдарының тұқымдық құндылықтарын көтеру мақсатында 17 шаруашылық құрылымы Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтарынан 7,5 млн теңгеге аталық ірі қара малын сатып алды. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасының несие қаражаты есебінен ауданның 7 шаруа қожалығы 38,8 млн теңгеге асыл тұқымды 223 бас ірі қара мал сатып алуды жүзеге асырды. Аудан малды жайылыста бағып өсіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы болып табылады. Соған байланысты «Жайылымдық қой шаруашылығы» бағдарламасы негізінде аграрлық несие корпорациясы және «Kaz Meat» ЖШС арқылы ауданның 10 шаруашылығы 5000 бас қой малын сатып алып өсіруге, 1500 бас асыл тұқымды қой алу мақсатында жұмыстар жүргізуде. «Каз Агро қаржы» АҚ арқылы 2010 жылы ауданның 13 шарушылық құрылымы 73,8 млн теңгеге ауылшаруашылығы техникаларын, 2011 жылы 16 шаруашылық құрылымы 51,9 млн теңгеге ауылшаруашылығы техникалары мен малдар, 2012 жылдың есепті кезеңі ішінде 8 шаруа қожалығы 37,9 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алуға қол жеткізді.
Шағын кәсіпкерлік :
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 732 кәсіпкерлік субьект тіркелген. Оның ішінде белсенді кәсіпкерлік субьектілердің саны 651./ 89,0 пайыз/. Аудан кәсіпкерлеріне «Облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2009 жылы 66 адамға 23 660,0 мың теңге, 2010 ж- 70 адамға 25 260,0 мың теңге, 2011 жылы 3 адамға 3,0 млн теңге несие қаражат берілген. Бұрын несие алған адамдардың уақытында қарызын қайтармауына байланысты 2012 жылдан бастап несие желісі жабылып қалды.
Аудан бойынша 2011 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» семинар, «Бухгалтерлік есеп және салық салу» семинар-тренинг,«Менеджмент-маркетинг-бизнес жоспар», «Кәсіпкерліктің жедел курсы» тренинг оқытулар жүргізілді.
Үстіміздегі жылы да Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қорымен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының ұйымдастыруымен семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту -2020 » бағдарламасы бойынша :
1-бағыты бойынша: Кәсіптік оқу, қайта даярлау, біліктілігін көтеру бағыты бойынша 42 адамды қайта даярлықтан өткізу жоспарланған болатын. Оның тек қана 14-і ғана қысқа мерзімді курстардан өтуде.
2-ші бағыты бойынша: Шағын несие беру, өндірісітік инфрақұрылымды дамыту, консультативтік қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
Есепті кезең ішінде кәсіпкерлік негіздеріне жоспар бойынша 8 адам оқытылды. 2011 жылы 3 кәсіпкерге кәсіпкерлік саласын дамытуға 9 млн теңге несие қаражат, ИКИ жасатуға 4,5 млн теңге несие қаражат берілді. 2012 жылы микрокредит алуға 44,5 млн теңге , ИКИ жасатуға 15,5 млн барлығы 60 млн теңге бөлінді. Аталған несие қаражатты беру жөніндегі тендер қорытындысымен «Ақтөбе ауыл Микрокредит » ЖШС –гі жеңімпаз болып танылып, аталған несиені алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.