Қоғамдастық жиындарының хаттамалары

Жарқамыс ауылдық округінің қоғамдастық жиынының хаттамасы
№7
Жарқамыс ауылы 2 желтоқсан 2014ж
сағ:15/00
Жергілікті қоғамдастық мүшелері - 17
Жиналысқа қатысқандар: Сейілханов Т, Жұбаналин А, Избасов Ж, Тайғара А, Досжан С, Науина Ж, Сарина Ш, Қаз А, Жұмабай Г, Абдуллин Р,
Қарағұлова А, Дербіс Ә, Бақиланова М,
Жиынға қатысушылар жиналыс төрағалығына СейілхановТұрғанбайды, хатшылыққа Бақиланова Маржанды сайлады.
Күн тәртібінде: Жарқамыс ауылдық округіне қарасты елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру.
Жиналысты ауыл әкімі М.Ажимкин ашып , күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.
Сөйлеушілер:А.Жұбаналин: Жарқамыс ауылдық округі халқының пікірімен келісе отырып, ауылдық округке қарасты елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жер-су аттарына байланысты төмендегідей атаулар берілсін деп ұсыныс айтқым келеді:
1) Қалдайбек қыстағына «Қалдайбек» атауы
2) Төсши қыстағына «Төсши» атауы
3) Кеңапан қыстағына «Кеңапан» атауы
Ж.Науина: Бұл атаулар ертеректен бері ел ішінде қолданылып жүрген атаулар,сондықтан осы ұсыныс дұрыс деп ойлаймын.
Жиынға қатысушылар осы ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жарқамыс ауылдық округіне қарасты елді мекендердің құрамдас бөліктеріне:
1) Қалдайбек қыстағына «Қалдайбек» атауы
2) Төсши қыстағына «Төсши» атауы
3) Кеңапан қыстағына «Кеңапан» атауы беріліп, шешім қабылдау ауылдық округ әкімінен сұралсын.
Жиналыс төрағасы: Т.Сейілханов
Хатшысы: М.Бақиланова