Ереже

Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
20 қарашадағы №251 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Байғанин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган - Байғанин ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030300 (индекс) Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосы, Д.Қонаев көшесі, №36 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру ауданның жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) аудан әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
2) Республика Президентінің және Үкіметінің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау үрдісіндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
15. Функциялары:
1) аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын және аудан әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
2) Мемлекет Басшысының, Үкіметтің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
3) облыс әкімінің аппаратына мемлекет басшысының және Үкіметтің актілері мен тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат дайындау;
4) аудан әкімдігінің алқа отырыстарын, әкімдегі және оның орынбасарларындағы кеңестерді әзірлеуді ұйымдастыру;
5) аудан әкімінің Президент Әкімшілігімен, Премьер – Министрдің Кеңсесімен, Президентпен, облыс әкімінің аппаратымен, Ақтөбе облысынан сайланған депутаттарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
6) аудан әкімінің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, облыстық, аудандық, басқармалар, комитеттер және департаменттермен, саяси партиялар және қозғалыстармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
7) аудан әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдарының құрылымы, құрылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
8) аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар кадрларымен жұмысты ұйымдастыру;
9) аудан әкімінің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларын өңдеу, құжаттар айналымын талдау;
10) қызмет бабындағы құжаттарды, хаттарды және арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
11) әкімнің және оның орынбасарларының қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
12) аудандық әкімдіктің және аудан әкімінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
13) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау, прокурорлық ықпал ету актілерін қарау;
14) аудан әкімінің аппаратына заңнамада жүктелген басқа да міндеттер.
16. Құқықтары:
1) ауданның мемлекеттік мекемелерінің қарауында бар ақпараттық материалдарды пайдалану;
2) аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;
3) аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларының келісімдерінің бар-жоқтығын бақылау және келісімдері болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;
5) аудан әкімінің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
6) Президенттің, Үкіметтің, облыстық, аудандық әкімдік пен облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын атқарылуына тексеру жүргізуге қатысу;
7) аудан әкімі тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе шала орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
8) аудан әкімдігінің есеп беретін мемлекеттік органдарының отырыстарында қатысу;
9) аудан әкімдігінің есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;
10) заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
3. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
18. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысын заңда белгіленген тәртіпте аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының өкілеттігі:
1) «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық ету және «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап беру;
2) «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдері туралы ережені, олардың функциялары мен өкілеттіктерін бекіту;
3) «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің іс-қимылын реттеу;
4) аудан әкіміне мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындау, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санатына жататын қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялау туралы, көтермелеу туралы, тәртіптік жаза белгілеу туралы және кадрларды қызметтерінен босату туралы ұсыныстарды енгізу;
5) бұйрықтар шығару;
6) мемлекеттік және басқа да органдарда «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғау;
7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
8) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу бағытында заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес шара алу;
9) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
«Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. Аппарат жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
21.Аппаратқа бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншігіне жатады. Аппарат өзіне бекітілген мүлікке заңнамаға сәйкес иелік етеді.
1) Байғанин ауданы қаржы бөлімі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган.
5. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
22. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.