Табиғи ресурстар

Аудан жері мұнай мен газ қорына бай. Ірі мұнай кен орындары болып Жаңатаң, Лақтыбай, Ақжар, Шығыс Ақжар, Қаратөбе, Өңтүстік қаратөбе саналады, бұлар негізінен жем өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Табиғи байлықтың бірі - кир (битум), бұл жол құрылысына кеңінен пайдаланылатын шикізат. Оның қоры ауданда мол, көбірек кездесетін маңы Мортық, Алтай, Дөңгелексор, Ақшоқы, Алашқазған. Ауданның шалғай оңтүстігінде табиғи газдың қоры бар деп есептелінеді.