Діни сауаттылық

Дүние жүзіндегі дәстүрлі діндер және діннің бейбітшілік сақтаудағы ролі
Өткен ХХ ғасыр адамзат баласына әртүрлі даму жолындағы ірілі-уақты мемлекеттердің экономикалық,саяси, аймақтық бәсекелестігінен гөрі глобалдық мәселелерді, ғаламшар бойынша шешілетін мәселелерді, барлық адамзат баласына қатысты өмірліқ проблемаларды көлденең тартып отыр.
ХХ1 ғасырда олар атқаратын жұмыстар жетерлік. Басқасын былай қойғанда қазіргі кезде ұлы мемлекеттер арасында соғысәрекеттері бола қалған жағдайдағы қиындықтар мен оның мүмкін апатты салдарын айтып жеткізу мүмкін емес. Әсіресе бұл АҚШ,Ресей, Қытай мемлекеттеріне қатысты. Осы мемлекеттердің геосаяси бағыттарын талдаушылар, олардың жер шарында өмірлік мүдделері жоқ жерлері аз екенін айтуда. Олай болса жер бетіндегі негізгі жауапкершілік осылардың иығында деуге болады.
Бейбітшілікке үлкен нұсқан келтіретін аса қауыпты жағдайлардың бірі әртүрлі діндегілердің бір-біріне қарсы тұруы. Оның аса қауыптілігі сонда діни қақтығыстар кез-келген уақытта мемлекет шеңберінен шығып кете береді. Бұның зардабын қазірде сезініп отырмыз. Бұрын мемлекетер арасында саяси-экономикалық , идеологиялық келіспеушіліктен туындайтын соғыс қаупінен гөрі бүгінде діни көзқарастағылардың арасындағы қақатығыстар жиілеп барады. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан халқы үшін бұл аса қауыпты тенденция. Әлемдегі түрақсыздықты туғызуға тырысып отырған кейбір мемлекеттердің дін аралық қақтығыстың отына қолдарын жылытқысы келетіні айдан анық болып отыр.
Қазіргі басты мәселе –бейбітшілік. Оны сактап қалудың бірден-бір жолы көп ұлтты, конфессиялы мемлекеттерде өзара татулық пен келісім болмақ. Сондықтанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес сьезі өтті. Елбасының бұл бағыттағы салиқалы саясатын әлем жұртшылығы мен әлемдік қауымдастықтың қолдап отырғаны анық. Өйткені діни наным мен сенімнен шығатын соғыстың қауыптілігі сонда оның мемлекет шеңберінен шығып глобалдық сипат алуы және ұзаққа созылуы, біртұтас мемлекет пен, бір тілде сойлейтін ұлтты бөлшектеп кетуі мүмкін. Себебі оның тамыры тереңде жатыр. Мысалы Пакистан мен Үндістанның бөлінуі, одан кейін Пакистаннан Багладештың бөлінуі, әлі күнге басылмаған Қашмир дауы, Ундістандағы мұсылмандар мекендейтін штаттардығы соңғы кездердегі қақтығыстар; Таяу шығыстағы мәселелері, Палестина халқының толық тәуелсіз мемлекет бола алмауы бұған айқын дәлел.
Араб халифаты кезінде де ,Осман империясы кезінде де Христиан дініндегілер өз жерлерінде ығыстырылып, Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде ислам ұстанымдары кеңінен таралған шақта Испанияда Кордова мемлекеті, сондай-ақ қазіргі Албания, Югославия мемлекеттерінің территориясында біршама исламдық мемлекеттер пайда болып, оның халқының едәуір бөлігі осы кезге дейін сол ислам дінінен айрылмай отыр.
Крест ұстаушылар да араб мемлекеттеріне әлденеше рет шабуыл жасап, ондаған мың адамды қырып салды. Сан мыңдаған адам құлдыққа сатылды. Испан конкистадорлары үндіс тайпаларын малдан жаман дәрежеге жеткізіп, жоқ етті. Жаулап алған жерлерінде христиан дінінде уағыз жүргізетін миссионерлерін өздерімен бірге ертіп жүрді.
Сан ғасырлар бойы иуда дініндегі еврейлер, арабтар мен христиан дініндегілердің тарапынан екі жақты қысым көріп келді. Нацистік Германия қол жетер жердегі еврейлердің тоз-тозын шығарып, концентрациялық лагерлерде ондаған мың «жөйтті» атып-асты, отқа жақты. Ал бүгінде еврейлер есін жиып, халықаралық сионистік ұйым құрып, өшін қатар өмір сүріп отырған палестиналықтардан, көршілес араб халықтарыфнан алуда. Қазіргі кеғзде таяу шығыстағы аса шиеленісті жағдай дүние жүзін қатты алаңдатып отыр. Ондағы соғыс өрті кез-келген сәтте Таяу Шығыс аймағынан шығып кетіп, талайды дүрбелеңге салуы әбден мүмкін.
ХХ1 ғасырдың басында терорлық актілердің, оларды ұйымдастырушылардың белсенді әрекеттері бейбітшілікке нұсқан келтіріп, тұтас мемлекеттер мен халықтардың берекетін кетіруде. Терорлық әрекет, оның қай формасында болмасын ол бүгін пайда болып отырған нәрсе емес. Қарсыластары бір-біріне күш көрсету арқылы біреуін ашықтан-ашық та , жасырын да жойып жіберетін «Қасқыр заңы» оның тағылық табиғаты әуелден бар нәрсе. Террорист ұғымы қазіргі кезде жалқы ұғымнан жалпы ұғымға айналып, бүтіндей мемлекеттер «террорист мемлекет» деген абройсыз атаққа қалып отыр. Тероршылдыққа қарсы террорлық әрекетке бару, одан қайырып жауап алу көбейе берсе, нақты кінәлі адамдардың орнына жазықсыз жандардың көбірек құрбан болуы етек алып кеткелі тұр. Әсіресе Ұлы мемлекеттердің «кекшілдігі» мен «шамшылдығы» бейбітшілкке көлеңке түсіретін аса қауыпты тенденция. ХХ1 ғасырда әркім өзінің тентегі мен телісін тиып, өз үйлерінде тәртіп орнатуға қолы жетсе ,әсіресе діни экстремизмге жол бермейтін мемлекет аралық келісімге келіп, оны шын ықыласымен жүзеге асырса бұл бір ақыл-ойдың үлкен жеңісі болар еді.
Адамзат баласы үшінші мыңжылдықтан үлкен үміт күтеді. Бұл ғасыр адамзат баласына 2000 жылда көрмеген, білмеген ғажайыптарды, әлеуметтік сілкіністерді әкелуі сөзсіз. Осы заманғы ақыл ой, ақпарат алмасу, дүниежүзілік экономикалық байланыс, транпорттық жүйе, күнбе-күнгі қатнасты, араласуды, жақындатуды тездетеді. Бұл арада ең алдымен ислам діні мен христиан дініндегілердің бір-біріне төзімділігі, діни экстремизмге жорл бермеуі, адамдардың сенімі мен рух бостандықтарын тұмшаламауы керек.
Қазіргі даму барысындағы қоғамдық құрлыстың әртектілігі, үлкенді кішілі ұлттардың жоғары даму дәрежесіні ұмтылуы, мемлекеттікті нығайту үшін күресі, әлеуметтік –экономикалық қарама –қайшылықтардың жойылмауы қай мемлекетте болсын діни конфессиялардың сақталатындығын көрсетіп отыр. Тұтас мемлекеттер бойынша тұтасдін сақтағандар аз.
Адамзат баласы ықылым заманнан бері бірін-юірі алаламай, зорлық-зомбылықсыз шат-шадыман өмір сүру арманына жете алмай келе жатыр.
Бұл жолда әділеттің ақ туын ұстаған дін ғана адамдардың көңіліне берік орнап, рухы жоғары болатыны хақ.
Ермекбаев Ибраһим қажы- тарихшы,дінтанушы,журналист
Жаназа әдебі
Жан бар жерде қаза бар деп ата-бабамыз айтқандай біздің осы қазаларымызда жаназа рәсімдеріміз қаншалықты шариғатымызға сәйкес келіп жүр?Десекте дінге қарсы болған кеңес үкіметінің қарсылықтарына қарамастан ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты әжелеріміз осы діни жоралғыларымызды кейінгі ұрпаққа алдырмай жұлдырмай аманат қалдырды.Ол үлкендерімізге Алла разы болсын.Кәзір енді Еліміз егемегендігін алып ата дініміз Ислам қайта жаңғырды.Бұрынғы көненің көзін көріп жүрген үлкен кісілеріміз төсек тартып жатқан кезінде Молданы шақыртың иманымды үйірсін деп жататын. жалпы дем салдырту деген де бар.Ол тек ажал аузында жатқан адамға емес жалпы сырқаттанып қалған адамға да дем салдыртады.ал иманын үйіргенде білген Құран оқылып,калима айтылады.Лә илаха иллалла калимасын айытқызады егер айта алса,айта алмаса құлағының түбіне бірнеше рет қайталанады.Себебі мұсылманның соңғы сөзі лә илаха иллааллах болса дүниеден жақсы өткенінің бір ишарасы.Жаны шыққаны анық белгілі болғаннан кейін көзі жұмылады,себебі шыққан жанға адамның көзі түскендіктен ашық қалады.жағы байланып аяқ қолдары түзетіледі.Жаназасын оқығанға шейн оң жаққа қойылады.Екі жанашыр адам қолдарына арнайы медициналық қолғап киіп мәіттің ішкі дәретін алдырыады және сыртқы дәретін алдырады.яғни жүзін,екі қолын шынтағымен қосып жуады және басын ылғалдап аяғын тобығымен қосып жуады.Осы жерде айта кету керек кейбір адамдар айтып жатады бұрынғылар қолғапты шүберектен жасайтын еді кәзіргілер олай жасамайды деп бұл қате пікір себебі ол уақытта арнайы медициналық қолғаптар болған жоқ бұрынғы аталарымызға рахмет жоқ кезде бар нәрсе амалдады ал кәзір дамыған заман әрі тазалыққа да жақсы себебі біріншіден жуылған мәйітте таза жуылады екіншіден жуған адамда жиіркенбей жуады үшіншіден неше түрлі ауруларды таратпаймыз.Тағы бір айта кетер жайт кейбір адамдар сол мәйіт жуған бөлмеге көрпе салып қабіршілерге тамақ береді бұлда тазалыққа жат нәрсе себебі мәйіт жуындырылған жерді хлормен жуып,есік терезесін ашып екі-үш күн жел қақтыру керек.ол жерде ас ішуге болмайды.Кейбір адамдар мәйітті жуған лас шүберекті үйлеріне алып қойып науқас адамды немесе малды сипап жатады мұндай дінімізге де тазалыққа да жат нәрселерден ұзақ болғанымыз абзал.Мәйітті жуындыруға пайдаланған қолғап,шүберектер өртеліп жіберіледі. Қайтқан адам тоқ болса көкірегінің тұсына шүберекке түйілген құм болмаса жарты қызыл кірпіш қойылады.киімі шешіліп асты-үстіне жұқа төсеніш төселеліп шығаратын күні толық жуылғанша сол бөлмеде жүзі қыбылаға қарап жатқызылады.
Ғ. С. Мәткәрімов,
Байғанин аудандық мешітінің бас имамы
Ата-ананы құрметтеу парыз
Асыл дініміз Исламда ата-ана жөнінде не айтылған? Қасиетті Құрани Кәрімде Жаратушы иеміз: «Біз Адам баласына ата-анасына жақсылық істеуге өсиет еттік, анасы оны тоғыз ай тоғыз күн қиыншылықпен көтеріп, екі жыл омырауынан емізген. Маған шүкірлік жаса және ата-анаңа шүкірлік жаса және қайтар жерің Менің алдым» деп, ата-анаға жақсылық істеуге бұйырып жатыр.
Бір күні ардақты Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Әй, Пайғамбар, мен мына дүниеде кімге бірінші жақсылық жасауым керек?» -дегенде, біріншісінде: «Анаңа» -деді.
- Екінші кімге?
- Анаңа.
- Содан кейін кімге?
- Тағы да анаңа. Тек төртіншісінде ғана: «Әкеңе», - деген екен.
Пайғамбарымыз үш мәрте «Анаңа» деп жауап берді, сосын ғана әкесіне мәрхамет қылып, жақсылық жасауды өсиет етті.
Қазақта «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген қанатты сөз бар. Мына бір ғибратты оқиғаға ой жүгіртіп көріңіз. Бірде бір жас жігітке әйелі оның әкесін баға алмайтынын айтып, оны таудағы саяжайдағы үйшікке тамағымен, төсегімен бірге апарып тастауға кеңес береді. Әйелінің айтқанынан шыға алмаған байғұс жігіт көп ойланып, ақыр соңында әкесін саяжайға әкеліп, «Осында уақытша тұра тұр» деп тастап кетеді. Қайтар жолда ісіне қатты өкініп, жылаған күйі әкесіне қайтып келеді. Сондағы әкенің баласына не дегенін білесіз бе? «Балам, мен сенің қайтып келетініңді білдім. Себебі мен әкемді далаға тастамаған едім» деген екен.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде үш адамның үңгірде қалып қойып, Алладан жәрдем сұрайтындығы айтылады. Сонда солардың бірі қолын жайып: «Уа, Жаратушы Ием, Алла, менің қарт қаужыраған ата-анам болатын. Мен малымды бағып келіп, кешкісін оларды сауып, сүтін бірінші ата-анама, кейін бала-шағама беретін едім. Бір күні өрістен кеш келіп, малымды сауып, сүтін алып келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Сонда ата-анамның оянғанын таңға дейін күтіп, кейін олар ұйқысынан оянғанда сүттен ішкізіп, содан соң ғана бала-шағама бердім» деген. Алланың разылығы үшін жасаған осы ісінің себебінен жәрдем сұраған пендесіне Алла Тағала үңгірден шығып кетулеріне жәрдем берген.
Хадистен түсінгеніміздей, ең әуелі әйелімізге, бала-шағамызға, достарымызға емес, ең бірінші орында ата-анамызға жақсылық жасауымыз керек. Ата-анамыздың тірі кезінде қадір-қасиетін білуіміз керек. Тірі кезінде дұрыс қызмет жасамай, өлгеннен кейін басына алтыннан үй тұрғызсақ та, ананың сүтін, әке еңбегін ақтай алмаймыз.
Бұрынғы өткен ізгілердің бірінің анасы өлгенде, әлгі адам еңкілдеп қатты жылапты. Оның ізбасар шәкірттері: «Ұстаз, мұнша неге жыладыңыз?» деп сұрағанда, «Менің жәннатқа баратын екі есігімнің біреуі жабылды» деп жауап берген екен. Яғни, жәннатқа баратын екі есігі - ата-анасы, оларға қызмет қылып, жақсылық жасау арқылы әлгі екі есіктің бірінен жұмаққа кіруден үмітті еді.
Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп,«Ата-анам өмірден озды. Мен оларға қызметімді жасадым. Енді міндетімнен құтылдым ба?» дегенде, «Жоқ, сенің мойныңда әлі төрт міндетің бар: біріншісі–ата-анаңның атына дұға оқу, яғни, «ата-анамның күнәсін кешір» деп Алладан тілеу, екіншісі ата-анаңның жасай алмай кеткен уәдесін орындау,үшіншісі ата-анаңның көзін көргендерге арнайы құрмет көрсету екен. Қазақ мәтелінде келгендей, «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін». Жәнетөртіншісі апа-қарындас, аға-інілеріңмен жақсы қарым-қатынаста болу.
Ата-ананың көз жасына себеп болып, қарғысын алу - өте ауыр күнә. Хадисте мағыналай Алла Тағала екі адамның жазасын тездететіндігі айтылады, соның біреуі - ата-анасына зәбір көрсеткен перзент.
Атам қазақ «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ» деген. Бірақ, ата-анаңды жұбайыңның сөзіне еріп, қарттығында тастап кет немесе қуып жібер, қарттар үйіне тапсыр деген бірде-бір сөз жоқ.
Құрметті ағайын, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ата-анамызды сыйлап өтейік. Ешкім мәңгі өмір сүрмейді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, қарттарымызды құрметтейік. Жәннаттың екі есігі ашық тұрған сәтте, яғни ата-анамыздың тірісінде олардың қызметін қылып, жақсылық жасауға тырысайық. Ата-аналарымыз аман болсын. Алла берекені соларға байлаған. Ендеше, берекеміздің қадір-қасиетін ұғына білейік.
Ғабит Маткаримов,
Байғанин ауданының бас имамы
Дін – қоғам өмірінде
Өткен аптада №2 Қарауылкелді орта мектебінің тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Г. Жаңабергенова және психолог Д. Байноғаеваның ұйымдастыруларымен “Дін - қоғам өмірінде” тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Мақсат діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін дүниеде белең алып тұрған жағымсыз құбылыстармен таныстыру дейді ұйымдастырушылар. Кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ердауылұлы, орталық мешіттің бас имамы Ғ. Маткаримов, мектеп директоры Г. Мұңайтпасова, ұстаздар ұжымы және 8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Кеште мамандар дін туралы жалпы түсінік беріп, елімізде болып жатқан түрлі діни ахуалдарды баяндады. Сонымен қатар, “Соқыр сенімге алданғандар” тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар сюжеттегі кейіпкерлер туралы пікірлерін білдірді. Бұдан кейін дін тақырыбында мазмұнды әңгімелер де айтылды. Сондай – ақ, бас имамға сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Сонымен қоса оқушылар өз ойларын ашық айтып, ортақ пікір алысты.
Жем – Сағыз ақпарат
Құрбан айт мерекесі
Қыркүйектің 24 күні Құрбан айт мерекесіне орай айт намазынан кейін ауданың орталық мешіті мен Қызылбұлақ, Көлтабан, Жарқамыс ауылдық округтеріндегі мешіттерде 29 бас құрбандыққа шалынды. Мешіттерде және аудан бойынша құрбандық шалған 105 жеке адамдардың малдарының еттері тұрғындардың 119 әлжуаз топтарына таратылып берілді. Сол күні елді мекендерде футбол, Қазақ күресіен спорттық шаралар ұйымдастырылып, мәдениет үйімен ауылдық клубтар алдында мерекелік концерттер берілді. Аудан орталығындағы мәдениет үйі алдында «Тау көтерген Толағай» спорттық жарыс өтіп, оған 11 адам қатысты. Аудан бойынша құрбан айт мерекесіне 792 адам қатысты.
Жаңа имам тағайындалды
Қазақстан Мусылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының 2015 жылғы 14 қыркүектегі №1697 бұйрығымен Матқаримов Ғабит Сақтапұлы Ақтөбе облысы Байғанин аудандық орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Ғабит Сақтапұлы Матқаримов
Байғанин ауданы, Жарлы ауылының тумасы. 1992 жылы Өзбекстан Республикасы Бекабад қаласы, әл – Мағрифат медресесінде 4 жыл тәлім алған. Кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық медресесінде 3 жыл білімін толықтырған. 2000 жылы Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітінің жанындағы медреседе ұстаздық еткен. 2002 – 2007 жылдар аралығында Байғанин аудандық орталық мешіт имамының орынбасары, 2007-2009 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Нұр – Ғасыр» мешітінің наиб имамы, 2009-2011 жылдары Мұғалжар ауданының бас имамы қызметтерін атқарған. 2002-2006 жылдар аралығында Алматы экономика және статистика академиясының сырттай бөлімінде оқыса, 2009-2011 жылдары Алматы шет тілдер университетін дінтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2012 жылдары «Нұр – Ғасыр» мешітінің наиб имамы, 2012-2013 жылдары Қарғалы елдімекенінде бас имам қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін Ақтөбе облыстық медресесінде ұстаздық қызмет еткен.