Хабарландыру

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА !
Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетінен қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурс (03.03.2017 - 13.03.2017 жыл)
МКҚК-ны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарды жеткізуші туралы ақпарат жариялау
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетінен қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурс
Мектекпке дейінгі білім беру ұйымдарына қарасты бала бақшаларға азық-түлік тауарларды сатып алу бойынша жоспар бекіту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Байғанин аудандық білім бөлімі» ММ-і басшысының атынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады.
Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының атына Қағидаларға 1-қосымша сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу); 4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» 2015 жылғы 03 желтоқсан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша міндеттеме нысанын толтырады.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшем шарттары:
1)жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%.
2)мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар құжаттар жиналған пакетті 2016 жылғы 24 тамыз сағат 18:00-ге дейін Қарауылкелді селосы, Д.Қонаев көшесі, 37 үй мекен жайында орналасқан «Байғанин аудандық білім бөлімі» ММ-нің 1 кабинетіне тапсыруы тиіс. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі 2016 жылғы 25 тамыз күні сағат 10:00-де «Байғанин аудандық білім бөлімі» ММ-нің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссиямен өткізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қорытынды шешімі білім бөлімінің интернет ресурсында орналастырылады.
«Байғанин аудандық білім бөлімі»ММ