"Жұмыспен қамту - 2020" МБ

Байғанин ауданы бойынша "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының
жүзеге асырылу барысы туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы аясында Байғанин ауданы бойынша жан-жақты шаралар іске асып келеді.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: Аз қамтылған, жұмыссыз немесе басқа да мақсатты топтағы азаматтарға кәсіптік білім беру және ауылдық жеке кәсіпкерлер сұранысы бойынша азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз ету. 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орнына (жоспар бойынша 40 адам) бөлінген 6780,0 мың теѕге қаражат өз мәнінде игерілуде. 24 жеке кәсіпкер немесе шаруа қожалықтарымен келісімшарт жасалып, уақытша алынған жұмысшылардың айлығы субсидия ретінде 50 пайызы төленуде. 24 кәсіпкерге барлығы 49 адам жұмысқа орналастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жоспар бойынша адам саны 26 ке асып отыр. Алдағы 2013 жылға 60 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
2012 жылға Ақтөбе қаласында орналасқан колледждер мен лицейлерге оқуға (кәсіптік оқу, қайта даярлау, біліктілігін көтеру) барлығы 42 адам жоспарланған, оның қазіргі таңда 14-і қысқа мерзімді курстарда оқуда. Былтырғы жылы 90 қатысушы қайта даярлаудан өтті. Биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда адам саны әлдеқайда аз. 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді курстарда оқып әртүрлі мамандықта білім алған 90 адамның, 80-і әлеуметтік немесе уақытша жұысқа орналасты. 10-ы ұсынған жұмыстан бас тартты. Алдағы 2013 жылға 15 қатысушыны кәсіптік даярлау, 20 қатысушыны қайта даярлаудың қысқа мерзімді курсына оқыту жоспарланып отыр.
2012 жылға «Жастар бағдарламасына» жоспар бойынша 50 жас маманды жұмысқа орналастыруға 9292,0 мың теңге бөлінген. 50 жас маман жұмысқа орналасты. Былтырғы жылы жастар бағдарламасына қаржы қаралмаған. Алдағы 2013 жылға 40 жас маманды жастар бағдарламасымен жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Екінші бағыт бойынша, шағын несие беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, консультативтік қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 2012 жылға кәсіпкерлік негіздеріне жоспар бойынша 8 адам оқытылды. Былтырғы жылы 22 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 6 адам 9,0 млн. теңге кредит алды. Оның 5-уі жоспарлаған жұмыстарын жасауда.
2012 жылы микрокредит алуға 44,5 млн. теңге, ИКИ жасатуға 15,5 млн. теңге бөлінді. Былтырғы жылы бұл мақсатқа, оның ішінде микрокредитке 9,0 млн. ИКИ жасатуға 4,5 млн. жұмсалып игерілді. Бұл жұмыстар бағытында да жұмыстар жасалуда. Кредит берудің тендер қорытындысымен «Ақтөбе Ауыл Микрокредит» ЖШС жеңімпаз болып танылды.
Үшінші бағыт еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарынан әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуге мемлекеттік қолдау көрсету. 2012 жылға әлеуеті төмен елді мекеннен әлеуеті жоғары елді мекенге 6 жанұяны көшіру жоспарланып отыр.
Облыстық әлеуметтік басқарманың тапсырмасына сәйкес, қаладан салынатын үйлерге көшетін 6 отбасы комиссияға салынып алдағы уақытта толық шешімін табады. Алдағы 2013 жылға да 6 отбасын көшіру жоспарланып отыр.
Төртінші бағыт: Биылғы жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына енгізіліп отыр-«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауылдық елді мекендерді дамыту. Ол төмендегідей инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы үшін беріледі:
1) коммуналдық және көліктік инфрақұрылымдарды қайта өңдеу, түбегейлі, орта және ағымды жөндеу жұмыстарына (су жүргізу, канализация, газ, жылу, электрмен қамтамасыз ету жүйелері, поселке аралық және ауыларалық жолдар);
2) әлеуметтік инфрақұрылымдарды қайта өңдеу, түбегейлі, орта және ағымды жөндеу жұмыстарына (білім, денсаулық, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс орындары)
3) абаттандыру (көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз обьектілерді жою, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, кіші архитектуралық формаларды, қоршауларды, балалардың ойын алаңдарын жасақтау).
Осы бағыттар орындалған кезде жұмыссыздардың 50 пайызы жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмысқа орналасатын болады.
Аталған жаңа бағыт ҚР Үкіметінің 30.03.2012 жылғы №378 Қаулысымен бекітілген.
Алайда ауданға осы төртінші бағыт бойынша 2012 жылға қаржы қаралмаған.
Ф.И.О участника
направление
контакты участника
контакты сотрудника центра занятости
контакты УКЗСП
Адрес участника
Инфомация об участнике
Байганинский район
1
КХ «Адам» Көздібаева Гүлжазира Женісқызы
2
871 34522707
Байганин ауданының жұмыспен қамту орталығының Директоры – Копжасаров Ерик Серикович тел. 871345-23690
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы Құрманғазы көшесі 31 үй.
1974 жылы 23 ақпан айында туған. Кәсіпкер. Білімі арнаулы орта. 2009 жылдан бастап малшаруашылығымен айналысады.
2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жеке кәсібін дамыту мақсатында несие алу мұмкіндіктерінің жолдары жөнінде Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығынаң түсініктер алады. Ойлана келе ауылда жеке кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына қатысуға шешім қабылдайды. Мал шаруашылығын дамыту үшін бизнес жоспарды арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 500000 теңгеге әлеуметтік шарт жасады және шағын несие алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ААҚ-на барлық қажетті құжаттарды жолданды. Берілген несиеге ірі мүйізді мал сатып алынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ААҚ-на ақша қаражаттарының мақсатты түрде пайдаланылуы бойынша және пайдаланылған несие сомасы бойынша уақытылы толық есеп тапсырды.
Бұған қосымша, жеке кәсіпкерге ИКИ аясында 2800000 тенгеге жетпес инженерлік-коммуникациялық құрылы-жел-электргенераторы орнатылды. Жыл бойы мал жайылысы электр қуатымен қамтамсыз етілді. 2016 жылы қантар айында күні бүрін шағын несиені төлеп жапты да екінші рет несие алды 3000000 тенге, 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні Гүлжазира әйел, ана, келін,шаруа қожалық басшысы деген құрметті атақтарға ие. Елімізге бейбітшілік, әр жанұияға қуаныш пен бақыт тілейді. Тәжірибелі малшы кәсібін дамытуға мемлекет тарапына көрсетілген мемлекеттік қолдауға өте риза, алдағы уақытта «Қазақстанда өндірілген» деген маркамен өнім өндіру жоспарларын құруда.
2
Шариев Айбат Мейрманұлы
3
871 34523558
Байганин ауданының жұмыспен қамту орталығының Директоры – Копжасаров Ерик Серикович тел. 871345-23690
Ақтөбе облысы, Байғанин, Қарауылкелді с., С.Жиенбаев көшесі . 67 үй
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – жұмыссыз.
2015 жылдың қараша айында мамандығы бойынша жұмыс іздеп Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін сол бойда Бағанин аудандық техниқалық колледжіне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты аясында жастар практикасына жолданды.
Айбат өзінің біліктілігін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, өзін орындаушы және еңбекқор қасиеттерімен білікті маман ретінде көрсете білді.
2016 жылдың қаңтар айында «Темірқазық» аула клубы маман болып оған тұрақты жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді. Қазіргі кезде сол мекемеде жұмыс жасайды.
3
Токмурзин Нұрболат Рашитұлы
3
871 34522574
Байганин ауданының жұмыспен қамту орталығының Директоры – Копжасаров Ерик Серикович тел. 871345-23690
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді с., Бармақ Батыр көшесі 62 үй
Білімі жоғары 2009 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін информатика мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс болмаған. 2016 жылы достарының айтуы бойынша Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығына келіп, мамндардың кенесі бойынша Ақтөбе техникалық колледжіне 3 айға «Көгалдандырушы» мамандығы бойынша қайта даярлану курсына оқуға жіберілді. Қарауылкелді ауылдық округінің сұранысы бойынша Ңұрболат қайта даярлану курсынан өткен сон, тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
4
Қожахметова Құндыз Қалидуллакызы
3
871 34523252
Байганин ауданының жұмыспен қамту орталығының Директоры – Копжасаров Ерик Серикович тел. 871345-23690
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді с., Бармақ Батыр көшесі 26 үй
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – жұмыссыз.
2016 жылдың ақпан айында мамандығы бойынша жұмыс іздеп Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін сол бойда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты аясында жеке кәсіпкер Розбаев М.Ф. фастфуд мини-кафе әлеуметтік жұмыс орынға жолданды.
Құндыз өзінің біліктілігін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, өзін орындаушы және еңбекқор қасиеттерімен ретінде көрсете білді. Жеке кәсіпкер М.Ф.Розбаев келсім шарты аяқталғансон тұрақты жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді.