Қоғамдық қабылдау

21 қаңтарда аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда мекеме басшыларымен бірге «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары А. Сәрсен мырза да қатысты. Қабылдауға келген төрт тұрғынның үшеуі арнайы дипломмен жұмыс сұрап келсе,біреуі қоғамдық жұмысқа алынуын талап етті. Түрлі мәселелерімен келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Қоғамдық қабылдауға қатысқан азаматтарға жұмысқа орналасудың заңдылықтары мен негізгі ережелері түсіндіріліп, аталған сұрақтардың шешімін табу үшін құзырлы органдарға және қандай құжаттармен жүгінуге болатыны жөнінде ақыл кеңес берілді. Қоғамдық қабылдауды қортындылаған аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары А. Сәрсен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә. Жеткізгенов пен білім бөлімінің басшысы С.Досқұловқа арыз - шағымдар негізінде жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуді жүктеп, әрбір арыз иесімен жеке - жеке байланыс жасауды өтініштерді заң аясында қарап шешуді тапсырды. Жиын соңында кезекті азаматтарды қабылдауды ақпанның 25 күніне белгіленді.
«Жем – Сағыз» ақпарат