Жемқорлыққа жол бермеу

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Байғанин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.у.а азаматтық қорғау подполковнигі А. Караковтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысқа «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңесшісі Н. Ералин, аудан прокуроры А. Әбіләкім, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрайымы Г. Елеуова және аудандық төтенше жағдайлар және №8 Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының баптарымен таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі туралы баяндама оқылды. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сұрақтар қойылып, жауапты мамандар тиісті жауаптарын қайтарды.
«Жем – Сағыз» ақпарат