ТАҒАЙЫНДАУ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Р. Ерғалиевтың бұйрығымен № 040502-23/230 Байғанин аудандық бөлім басшысы лауазымына Ерғалиев Азамат Жалғасович тағайындалды.
Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосында 1980 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын Есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы келісім шарт бойынша зейнетақы төлеу орталығында, кейін №19 кәсіптік мектепте жұмыс жасаған. 2002 жылы аудандық ауруханада програмист, 2003 жылы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылы ұйымдастыру құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012 жылдың мамыр айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.