Ұлағатты ұстаз

Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын шәкірттерді тәрбиелеуде алдына жан салмай еңбек етіп, аянбай тер төкен ардақты ұстаз Айнаш Сембай қызы бүгінде зейнет жасқа келіп жетті. 40 жылдық еңбегі Т.Жармағанбетов орта мектебінде өтіп талай белесті бағындырды. Бүгінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасы, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісі, ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет Грамотасының иегері атанды. Ұстаздық жолда дара жолын сала білген Айнаш апайдың жақындары да бұл кеште қасынан табылды. Алғашқы еңбек жолында бірі құрбы, болып бірі апа бола білген зейнеткер Тұрсынбике апай мен Нұрзада апай есте қалған естеліктерімен бөлісіп, ақ жарма тілектерін жолдады. Сонымен бірге апайдың жақындары және жолдасы Рахат ағай да ақ тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Ата – ананың үмітін үкілеп, бауырларына қамқоршы бола білген кейіпкер бала кезден мұғалім болуды арман етеді. Әке сөзінің киелілігі ме әке аманатын арқалап бой жеткен қыз мұғалімдік жолды таңдайды. Апайдың абыройын асқақтатып, көрсеткенін үлгі тұтқан ұжымның бұл кеште апайға арналған ән – жырлары кештің көркін қыздырды. Бала жанынын бағбаны бола білген ұстаз шәкірт есінде мәңгі қалары сөзсіз. Қолға алғаш қалам ұстатып, әріп үйретіп өмірге таным түйсіктерін қалыптастырған шебер ұстаздың шәкірттері биік белестерді бағындырары анық. Осы орайда ұстаз мәртебесін биікке қойған, тәлім – тәрбиесін өмірлік бағдаршам ретінде қолдана білген оқушылары да қонақтар қатарынын табылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Рита Халыққызы мен Т.Жармағанбетов атындағы орта мектептің директоры Руслан Арыстанұлы ұстаз ұлылығын жете түсініп, өмірге илеуі мықты кірпіш етіп қалағанын, оқушы кезден ұлтжандылыққа тәрбиелеп өсіргенін, адалдық пен жауапкершілікті сезіндіріп тәрбиелегені үшін алғыстарын білдірді. Кеш жүргізушісі Ырысгүл Дауылбаеваның сұрақтарына жауап берген кейіпер өнегелі өмірі, еңбек жолындағы қыиындықтар мен қызықтарын жүйелей жауап берді. Білім беру саласында үздіктер қатарынан табыла білетін Айнаш апайдың аудан үшін де еңбегі орасан зор. Тілектер қатарынан табылған аудандық білім бөлімінің басшысы С.Досқұлов ұлағатты ұстазға арнап көгілдір экран арқылы жылы лебізін білдірді. Мұғалім мамандық, ұстаздық қасиет. Яғни ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін білім әлемінің сырын білетін Айнаш апайдың жолы көпке өнеге.
Ақторғын ТҰРАҚБАЙҚЫЗЫ