Заңсыздыққа жол берілмейді

Қай қоғамда, қай кезеңде болмасын, халықты асыраушы, басты байлық ретінде – қасиетті қара жердің қадірі қашанда жоғары.
Еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы жаңа белестерді айқындайтын тарихи маңызды құжат, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да ел тағдыры, жер байлығын сақтау жайында нақты ойлар айтылғаны мәлім. Бұл- мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған отыз мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізіне ала отырып, осы уақыт ішінде жүзеге асырылуын тиісті жеті басымдықты анықтап берді.
Осынау баға жетпес мол қазына қоры, адамдардың тіршілік тірегіне айналған жерді қорғауда, жер қатынастарын дамытудың барлық кезеңдерінде, Жер қатынастары бөлімі жер заңдарын басшылыққа ала отырып, жер иелену мен пайдаланудың жаңа түрлерін қалыптастыру, жер учаскелерінің шекарасын айқындау және жерге бірыңғай құжаттарды рәсімдеуге айтарлықтай жұмыстарды атқарып келеді. Дегенмен,елімізді артқа тартып отырған ең ірі қауіптің бірі-сыбайлас жемқорлық болса, екіншісі сол сыбайластықтан туып отырған, ауқымды ұрлық «көлеңкелі» экономика тиылмай, одан әлі де арыла алмай жүргеніміз шындық. Қоғам болып қарсы күресуге тиіс осы індеттің алдын алу, оны болдырмау тұрғысында мекемеде оған айрықша мән беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір жолы мемлекеттік қызмет алушыларға электронды түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжат алмасу болып табылады. Істеліп жатқан шаралар да жоқ емес. Атап айтқанда, жұмыс барысында анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою шараларын қарастыру, кадр құрамын дұрыс іріктеп, оларды жұмысқа тарта білу, атқарып жүрген жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарау, мемлекеттік сатып алу қызметінің құжаттарын дұрыс қалыпқа келтіру, орындаушылық және еңбек тәртібін қатаң бақылау үнемі қадағаланып отырады.
Әрине, әлі де бұған ұлт болып ұйыссақ, жұрт болып жұмылсақ, елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болары сөзсіз.
«Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Д.М. Ауелбаев