Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
1. Қоғамдық қарым-қатынас саласының атауы:
Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жасаушы атауы:
"Байғанин ауданы әкімінің аппараты" ММ
3. Қоғамдық қарым-қатынастың оқшауланған саласында қызмет ететін тұлғалардың әрекет ету ережесі:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтарын іске асыруда:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын, өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу; жеке және заңды тұлғалардың теңдігі мен заңнама талаптарында белгіленген мерзімде өтініштерді қарауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде регламенттер мен стандарттарға көзделмеген артық құжаттарды сұратпау; көрсетілген мемлекеттік қызметті уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау;
- мемлекеттік сатып алу және кадрларды іріктеу жұмыстары мен қызметін атқару кезінде заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру;
- мемлекеттік сатып алу және кадрларды іріктеу жұмыстары мен қызметін атқару кезінде заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстану;
- атқарушылық құжаттардың заңға сәйкес және мерзімінде, сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
3.2. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, ҚР-ның заңдарында белгіленген шектеулермн тыйымдарды сақтау;
- мемлекттік мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдрдың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
- меритократия қағидаттарын сақтауды қамамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
- нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде ҚР-ның құқықтық актілер туралы заңының негізгі талаптарын ұстану.
3.3.Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
- мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сондай-ақ, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс;
- егер де мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекттік органның басшылығына, уәкілетті органдарға жазбаша нысанда хабарлауы тиіс;
-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғу мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға, мүлікті және мүлікті емес игіліктер мен атықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану, ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды ;
3.4 Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
- өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында материалдық немесе материалдық емес құндылықтарды қабылдамауға;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
-өзінің іс-әрекетімен мінез құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
-қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
-іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
-қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;
-басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға жол бермеуге тиіс.