Қарауылкелді ауылдық округінің кәсіби емес медиаторлар тізімі

9-бап. Медиаторларға қойылатын талаптар
1. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдыќ медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
3. қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
4. Жоғары білімі бар, жиырма бес жасќа толған, Қазаќстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын ќұжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін жүзеге асыра алады.
5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
6. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
7. Мыналар:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.
8. Медиация тараптарының келісімімен медиаторға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
16-бап. аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің
кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жүргізуі
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпќой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
2. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерінің көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін); үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялыќ ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.
3. Кәсіпќой емес медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордың заңдық мекен-жайы;
3) медиатордың байланыс деректері (пошталық мекен-жайы немесе электрондық поштаның мекен-жайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
4) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
4. Уәкілетті орган медиаторларды осы Заңның осы бабының 2-тармағының және 9-бабының талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосады.
Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы медиаторлардың өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соң кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтінішті электрондық түрде уәкілетті органның электрондық мекен-жайына ұсынуға болады.
6. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардың енгізілуіне қарай жанартылып отыруға тиіс.
Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімдігі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарындағы «Медиация туралы» Заңының 9, 16 баптарына сәйкес кәсіпқой емес медиаторлар тізіміне Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпқой емес негізде медиацияны жүзеге асыратын келесі тұлғаны енгізді:
Аты-жөні
Заңды мекен-жайы
Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефон №, электрондық пошта адресі)
Медиация саласы туралы мәлімет
Медиацияны іске асыру тілі
Медиатордың қызметін тоқтату туралы мәлімет
Курмашев Канат Тулегенулы
Аскаров Серик Амангалиевич
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы, Абай тұйығы №29 үй
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы, Абай тұйығы№29 үй
ұялы телефоны
+77718583300
үй телефоны
+771345 22045
ұялы телефоны
+77058373355
+77026354868
үй телефоны
+771345 22045
Қылмыстық, отбасы, еңбек, азаматтық, құқық қатынастары
Қылмыстық, отбасы, еңбек, азаматтық, құқық қатынастары
қазақ тілі
қазақ тілі