Байғанин аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің атқарған жұмысы туралы 2017 жылдардағы нысандар тізімі.

Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тапсырысшы ретінде 2017 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны игеру мақсатында төмендегідей құрылыс нысандарын пайдалануға берді.
1. Атап айтсақ аудан орталығы Қарауылкелді ауылы Аэропорт көшесінде екі пәтерлік алты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 74522,0 мың теңге және Қарауылкелді ауылы Аэропорт көшесіндегі екіпәтерлік алты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы және оларды абаттандыруға 25845,0 мың теңге бөлініп "Сақ групп" мердігер мекемесі мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы атанып құрылысты толығымен аяқтады. Қазіргі таңда бұл нысандар мемлекеттік комиссиямен қабылданып кезекте тұрған 12 отбасына пайдалануға берілді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Әр пәтердің жалпы ауданы 141 шаршы метрді құрайды.
2. Жергілікті бюджеттен бөлінген Байғанин ауданы Ноғайты ауылында су құбыры желілерінің құрылысы және оларды кеңейту" құрылыс-монтаж жұмыстарын "DAMU-MASTER" мердігер мекемесі 16800,0 мың теңгеге жеңіп алып құрылысты толығымен аяқтады, нысан пайдалануға берілді. Су құбырының ұзындығы 1159 метрді құрайды.
3. «Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының бас жоспарына қосымша 90 га жоспарлау жобасы бойынша аудандық бюджеттен 14427,7 мың теңге бөлініп, жобаны «Актюбгражданпроект ЖШС-і мемлекеттік сатып алудан жеңіп алды. Қосымша бас жоспар Болашақ тұрғын массиві және Жаңақұрылыс-1 көшелеріне әзірленді. Қаржысы толығымен игерілді.
Жергілікті бюджеттен жасалған жобалар тізімі.
4. Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши (220 га), Бұлақтыкөл (90 га) және Жаңатаң (80га) ауылдарына бас жоспары жобасын дайындауға жергілікті бюджеттен – 9400,0 мың теңгеге конкурс арқылы мемлекеттік сатып алудан "СтройРекламПроект" ЖШС- і жеңімпаз атанып, бас жоспарды толығымен аяқтады. Қаржысы толығымен игерілді.
5. Жергілікті бюджеттен 2304,0 мың теңгеге "СпецСтрой Согласование" ЖШС-і "Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі Жаңатаң ауылындағы 100 орындық мектеп құрылысына (байланыстыру) және "МастИнжПроект" ЖШС-і 3000,0 мың теңгеге "Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі Жарқамыс ауылындағы 150 орындық ауылдық мәдениет үйі құрылысына (байланыстыру) жобалау - сметалық құжаттамаларын әзірледі. Жұмыстар толығымен аяқталып қаржысы игерілді.
6. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі Алтай батыр ауылындағы спорт алаңы құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарын 446,0 мың теңгеге "МастИнжПроект" ЖШС-і ашық конкурстан жеңімпаз атанып жобаны толығымен аяқтады. Жобаның сараптамасы дайын.
7. «Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Барақ батыр көшесі мен Бармақ батыр көшесі аралығындағы көше жарықтандыру құрылысына жобалау сметалық құжаттама дайындауға 1510,0 мың теңге және Т.Жармағанбетов көшесі Барақ батыр көшесі аралығын аралығындағы көше жарықтандыру құрылысына ЖСҚ дайындауға 1510,0 мың теңгеге "СтройРекламПроект" ЖШС-і ашық конкурстан жеңімпаз атанып жобаны дайындады. Сараптамасы дайын.
8. «Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Оймауыт балалар бақшасын жылыту қазандығының құрылысына ЖСҚ 630,0 мың теңге және «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Миялы ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының жылыту қазандығының құрылысына ЖСҚ -сын 630,0 мың теңгеге жобалаушы "СтройРекламПроект" ЖШС-і ашық конкурстан жеңімпаз атанып жобаны дайындады. Мемлекеттік сараптамасы ағымдағы жылы дайын болады.
9. "Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі Қопа ауылындағы Ақтан жырау негізгі мектебіне жылу қазандығы құрылысына 714,0 мың теңгеге "МастИнжПроект" ЖШС-і ашық конкурстан жеңімпаз атанып жобаны жасады. Мемлекеттік сараптамасы ағымдағы жылын дайын болады.