2016 жылы дайындалған жобалар бойынша

1. 2016 жылы дайындалған «Байғанин ауданы Қаражар ауылындағы 100 орынды оқушыға арналған орта мектеп құрылысы» жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін аудандық бюджеттен 1588,7 мың теңге қаражат бөлініп, «Казахская экспертиза проектов» ЖШС- і сараптамасын дайындады. Қазіргі таңда аталған жоба облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсқа хабарлама беріліп "Сақ Групп" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Құрылыстың жалпы құны 338 323,0 мың теңге.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы "Теміржол-3" көшесін электрмен қамту" жұмыс жобасы сараптамасын 73,9 мың теңгеге "KAZEXPERTIZA" ЖШС-і дайындап бітірді.
3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы "Болашақ" тұрғын массивін электрмен қамту" жұмыс жобасы сараптамасы 150,3 мың теңгеге және "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы екі қабатты сегізпәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы және оны абаттандыру" жұмыс жобасы сараптамасын 123,0 мың теңгеге "ГРАНД ЭКСПЕРТ" ЖШС-і дайындап бітірді.
4. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Жаңақұрылыс-2 көшесіндегі он екіпәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы және оларды абаттандыру" жұмыс жобасы сараптамасын 434,6 мың теңгеге және "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы "Болашақ" тұрғын массивін сумен қамту" жұмыс жобасы сараптамасын 227,2 мың теңгеге ""АКТЮБИНСКАЯ РЕГИОНАЛЬНАЯ ЭКСПЕРТИЗА"" жасап бітірді.
5. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы Жаңақұрылыс 1,2,3 көшелеріне су құбыры желілерінің құрылысы" жұмыс жобасы сараптамасын 127,8 мың теңгеге "Гостэкспертиза" ЖШС-і дайындап бітірді.
6. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы "Жаңақұрылыс-1" көшесін электрмен қамту" жұмыс жобасы сараптамасын 103,7 мың теңгеге "Оңтүстік сараптама" жасап теріс қорытынды берді. Оң қорытынды алуға Жобалаушы мердігер өз қаржысынан қайталап тапсырып 2018 жылы шығарады.