Базалық зейнетақы тағайындаудың әдістемесі бойынша.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 1 бабы 24 тармағына сәйкес мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi – белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем болып табылады, Заңның 1 бабы 39 тармағына сәйкес мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар – уәкілетті мемлекеттік органдар.
Заңның 4 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде:
1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
9) бөгденің көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтiм жасаған уақыт;
10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке алынады.
Атап айтқанда, 01.07.2018ж. дейін барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан, бірдей 15 274 теңге базалық зейнетақы алды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%).
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгеріп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 «2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (әрі қарай - Қағида) еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болды.
Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа механизімін енгізудің маңыздылығы мынада:
Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға тек 10 жыл зейнетақы жарнасы аударылған болса немесе мүлде жұмыс істемеген болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай-ТКД) 54% мөлшерінде тағайындалады.
Әрбір 10 жылдан артық істеген жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ТКД 74%, 30 жыл болған жағдайда – базалық зейнетақы ТКД 94%. Егер, еңбек өтілі 33 жыл және одан астам болса, базалық зейнетақы ТКД 100% мөлшерін құрайды.
Еңбек
өтілі
ТКД –нен үлес ТКД – нен мөлшері (2019 жылға 29698 теңге)
Еңбек өтілі
ТКД –нен үлес ТКД – нен мөлшері (2019 жылға 29698 теңге)
< 10 54 % 16 037 22 78 % 23 165
11 56 % 16 631 23 80 % 23 759
12 58 % 17 225 24 82 % 24 353
13 60 % 17 819 25 84 % 24 947
14 62 % 18 413 26 86 % 25 541
15 64 % 19 007 27 88 % 26 135
16 66 % 19 601 28 90 % 26 729
17 68 % 20 195 29 92 % 27 323
18 70 % 20 789 30 94 % 27 917
19 72 % 21 383 31 96 % 28 511
20 74 % 21 977 32 98 % 29 105
21 76 % 22 571 33 < 100 % 29 698
Қағиданың 6 және 7 тармақтарына сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады және жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек өтіліне сәйкес келеді. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың зейнетақы ісінде болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсете отырып жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы;
мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау-анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерледің, шаруа немесе фермер қожалықтары мүшелерінің (қатысушыларының) және басшыларының міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.
Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.