Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары.

2018 жылы 179 отбасыға (1032 адамға) - 40,0 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, соның ішінде:
- шартты ақшалай көмек – 172 отбасына (1000 адамға) – 38,5 млн. теңге;
- шартсыз ақшалай көмек – 7 отбасына (32 адамға) – 1,5 млн.теңге
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға өсуіне байланысты, табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 179 отбасыға 2,9 млн теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органның шешіміне сәйкес, белгіленген тәртіппен жекеленген санаттағы азаматтарға барлығы 29,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
1)Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (туберкулез, онкологиялық) 61 адамға 6,7 млн. теңгеге;
үйде оқитын 16 мүгедек балаларға, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 235,7 мың теңгеге әлеумттік көмек көрсетілді.
2) Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек,
9 мамыр – Жеңіс күніне орай 174 адамға 2,8 млн. теңгеге,
Мүгедектер күніне – 550 мүгедекке 16,5 млн.теңге төленді.
3) 7 мүгедекке жол жүру төлем ақысына 149,6 мың теңгеге қаржы төленді.
4) Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн, 1502 әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша 18,2 млн. теңге әлеуметтiк көмек төленді.
Аудан кәсіпкерлері, мекемелер, аудан тұрғындары 1543 адамдарға 43,1 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.