Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.

Байғанин ауданы бойынша 2018 жылы барлық санаттар бойынша мүгедектердің саны 550 адам, оның ішінде бірінші топ – 37, екінші топ – 196, үшінші топ бойынша – 242, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 75 адам.
«Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2012-2013 жылдары Мәртөк ауданы бойынша паспорттаудан өткен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны – 92. Оның ішінде бейімдеуге жататын объектілер саны – 44.
2014-2017 жыл аралығында 44 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы Байғанин ауданы бойынша бейімдеу жұмыстарын жүргізіліп толығымен аяқталды.
2018 жылы аудан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 34, олардың бәрі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген мүгедектің 16-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1-уі әлеуметтік жұмыс орындарына, 17 - тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 11 квота бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 4 адам, кәсіпкерлік негіздеріне "Бастау бизнес" жобасы бойынша 5 адам оқуға жіберілді.
Мүгедектерді оңалту медициналық әлеуметтік экспертизасы дайындаған мүгедекті оңалту жеке бағдарламасының негізінде өткізіледі.
Санаторлық-курорттық емделуге Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Шымкент қаласындағы «Ар-Рохим» санаториясына 42 жолдама бөлінді, 42 мүгедекке жолдама берілді.
Жеке оңалту бағдарламасының орындалуы:
- протездік-ортопедиялық көмекке 68 мүгедек жолдама алды,
- Жеке көмекшінің қызметімен 32 мүгедек қолданады,
- Кресло-арба 7 мүгедекке 11 арба берілді
- Сурдо тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен 20 мүгедек қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. «Social Services» ЖШС-мы және «Қазақ соқырлар қоғамы» 2018 жылдың 29 қаңтар бастап келісімге қол қойылып оңалту жеке бағдарламасы 32 топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметі көрсетіліп келеді. Бұл мақсаттарға еспеті кезеңге 6,3 млн.теңге жұмсалды.
Ауданда арнаулы әлеуметтік қызметтер 8,5 млн. теңге.
Мекемеде 6 әлеуметтік қызметкер 14 мүмкіндігі шектеулі балаға, 1 мүгедек және 9 жалғыз басты қарияларға қамқорлық жасайды. Әлеуметтік қызметкерлер бұл азаматтардың үйлеріне барып үйін ақау, тазалау, тиісті құжаттарын рәсімдеу т.б. қызметтер көрсетіп келеді.