Тәуелсіз «DIC» компания 2019 жылдың 1 тоқсанында тұрғындардың қаржылық сауаттылығы және зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты сенім деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын

Тәуелсіз «DIC» компания 2019 жылдың 1 тоқсанында тұрғындардың қаржылық сауаттылығы және зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты сенім деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. Зерттеу нәтижесі бойынша:* бір жыл ішінде БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі 10 баллдың ішінде 5,7-ден 6,4 баллға;* бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 10 баллдың ішінде 5,9-дан 6,3 баллға дейін өсті;* жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында – 58,2%).БЖЗҚ тұрғындардың зейнетақы қорына деген сенімін одан әрі нығайту және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.