Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 204 «2019-2021 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1бабының 4тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 204 «2019-2021 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-197 санымен тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер – «238 291» сандары «257980,8» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттердің түсімдері – «207 959» сандары «227648,8» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – «238 291» сандары «257980,8» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.