Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 206 "2019-2021 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 109-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 206 "2019-2021 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-199 санымен тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер – "66 649" сандары "71 991,9" сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттердің түсімдері – "64 018" сандары "69 360,9" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – "66 649" сандары "71 991,9" сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
3. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық Байғанин аудандық
мәслихатының сессия мәслихатының
төрағасы хатшысы