БЖЗҚ Корпоративтік даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ең үздік әлемдік тәжірибе стандарттарына сәйкес зейнетақы қызметтерінің сапасы

БЖЗҚ Корпоративтік даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ең үздік әлемдік тәжірибе стандарттарына сәйкес зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.2019 жылдың 4 айы ішінде БЖЗҚ дерекқорында 6,1 млн операция орындалды (қызмет көрсетілді). Олардың ішінде кеңселерде 1,2 млн қызмет, көшпелі қызмет көрсету барысында 60,1 мың қызмет және қашықтан электрондық форматта 4,9 млн қызмет (барлық көрсетілген қызметтің 80%) көрсетілді. Тұрғындар арасында ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу. Оны алу үшін салымшылар мен алушылар 4 ай ішінде қор қызметіне 5,2 млн рет жүгінген. Олардың ішінде 4,8 млн үзінді көшірме (93,4%) электрондық форматта берілді.