СҰРАҚ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қор қызметтерін қалай алады?

СҰРАҚ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қор қызметтерін қалай алады?
ЖАУАП: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, оның ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды зейнетақы қызметтерімен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мәселені шешу мақсатында «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлері қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын салымшылардың үйіне өздері барып қызмет көрсетеді.Бүгінде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандар Қор қызметкерлерін үйге шақыру үшін enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөлімі арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласып, өтініш бере алады. Бұдан кейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкері өтініш берушіге хабарласып, кездесу уақытын белгілейді.«Мобильдік агент», яғни Қордың маманы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзімен бірге ноутбук, құжаттарды сканерлейтін әрі басып шығаратын принтер және 4G-модемі бар құрылғыны алып жүреді. Солардың көмегімен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қор қызметкерлері салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтік куәлігі бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнін нақтылауыңызға болады.