Құрметті оқырмандар!

Құрметті оқырмандар!
Сіздің көпшілігіңіз Қордың веб-сайтының жеке шотыңыздағы зейнеткерлік жасқа дейінгі кері есептік есептеуішке назар аударған боларсыздар. Есептеуіш «өмір сүру таймері» емес екенін есіңізге сала кетейік, ол сіздің зейнеткерлік демалысқа қашан шығатыныңыз жайлы, сіздің болашақ зейнетақыңызға әлі де ықпал етуіңізге болатының көрсетеді. Мұндай құрал көптеген елдердегі зейнетақы қорларының сайттарында пайдаланылады және зейнетақыны жоспарлау кезінде қолайлы, себебі болашақты ойлаудың ерте-кеші жоқ.Ескере кетсек, аталған электронды қызметтегі зейнетақы калькуляторы арқылы "болжамдық" көрсеткіштерді есептеуге болады, сондай-ақ калькуляторда ерікті зейнетақы жарналарының шағын мөлшері (ЕЗЖ) зейнетақы жинақтарының ұлғаюына себепші екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен қатар, ЕЗЖ-ның керекті пайыздық мөлшерлемесін біле аласыз.