Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі қалыптастырылған. Осы модельге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде әрбір алушыға зейнетақы жинақтарының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл мерзімі аясында табыстылығы мен инфляция деңгейі жекелей есептеледі. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болатын болса мемлекет айырма сомасын өтейді.