22.05.2019ж.- «Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7232 болып тіркелген бұйрығына сәйкес Байғанин ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеуге ұсынылады.
«Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы Байғанин ауданы әкімінің аппараты ММ-нің baiganin. aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 22 мамырында орналастырылды. 22 мамыр 2019 жылы қаулы жобасы e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында орналастырылды. Байғанин ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылдың 22 мамырдағы № 30 хатымен алынды. Қаулы жобасына баспасөз-релизі baiganin.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 22 мамырында орналастырылды.