Ауданға жаңа әкім тағайындалды

Сейсенбіде аудан әкімдігінде өткен актив жиналысында облыс басшысы Оңдасын Оразалин өңірге жаңа әкім тағайындалғанын жеткізді. Байғанин ауданының жаңа әкімі Қайрат Отаров 2016 жылдан бастап Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Жиын барысында облыс басшысы Қайрат Отаровқа жыл басында бастау алған іс - шараларды тың ғылықты аяқтап, ауданның әлеуметтік ахуалын жақсартуды тапсырды. Ал өз қызметін Мұғалжар ауданының әкімі болып жалғастыратын Асқар Шериязданов өз сөзінде қызметте жұмылған жұдырықтай бірлік танытқан әріптестеріне алғысын білдіріп, қоштаса алмаған ауыл ақсақалдарына ерекше ықыласын жеткізуді сұрады.
Ауыл жұртшылығы атынан сөз алған Ибрагим Ермекбай – Асқар Тұрарұлының ауданды жаңа деңгейге көтергені рас. Бір - бірімізден үйренгеніміз көп болды. Жаңа басшы да басталған игі істерді жалғастырады деген сенімдеміз, - деп Қ. Отаровтың жұмысына сәттілік тіледі.
«Жем – Сағыз» ақпарат