ЖАСТАР жылының жарты жылдығы қорытындыланды

Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында жастар жылының кезекті жиыны өтті. Жиын барысында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сая Сағынғали өткен алтыайдың қорытындысы бойынша есеп берді. Сонымен қатар, жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж. Жаңабай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ .Жақасов, аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Ш. Спанова, аудандық персоналды басқару «кадр қызметі» бөлімінің басшысы О.Қошанов, «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау палатасының аудандық филиалының директоры М.Тасин, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ә. Жеткізгенов, «Темірқазық» мектептен тыс аула клубының басшысы Н. Әденов, білім бөлімі әдістемелік орталығының м.у.а. М. Дабысовтарқатысып, әр сала бойынша жастар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Орталық басшысының айтуынша І жартыжылдық қорытындысы бойынша жастардың қатысуымен 105 шара ұйымдастырылып, оған 3395 жас қамтылған. Есепті мерзімде орталыққа өтінішпен келген 336 жастың басым көпшілігінің мәселесі – жұмыссызық. Осы орайда 75 студент «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылған. Жастар арасында өткізілетін шаралар қатары да жыл санап артып келеді. биылға жартыжылдықтың еншісіне бұйырған 105 шараның 45-і түрлі кездесулер, 23-і спорттық шаралар, 12-сі байқау, 5-еуі түрлі тақырыптардағы семинар-трениенгтер, 16-сы акция түрінде өткізілген. Ал жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауатын, мәдениетін арттыру бағытында 14 шара өткізіліп, 413 жас қамтылған. Одан өзге, жастар арасындағы радикалды экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алу және бұқаралық спортты насихаттау, кәсіптік бағыт - бағдар беру, ғылымға тарту, талантты жастарды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік шиеленістің алдын - алу сынды бағыттарда жұмыстар жасалған. Аудан жастары қандай шарада болмасын жоғары белсенділік танытып ат салысып келеді.
Ерекше белсенділік байқалған бағыттардың бірі жастар бастамасымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Салауатты өмір жарқын болашақ», «Туған жерге тағзым» сынды ұзақ мерзімді жобалар. Жазды думанға айналдыратын «Жасыл ел» жасағы жастарының ат салысып жатқан шараларыда жетерлік. Алайда мұнда да қайырымдылық назардан тыс қалмаған.
Арайлым ҚАСЫМ