«Mi`ss Bai`g`ani`n – 2019»

Осымен үшінші жыл қатарынан «Жасыл ел» жасағының жастары сұлулық байқауын ұйымдастырып келеді . Биылғы жылдың байқауын аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Достық» тобы ұйымдастырған. Аталған сынға 7 бірдей ару қатысты. Сонымен қатар, инстаграм әлеуметтік желісіндегі сұлулардың көрермендері «Miss Virtual – 2019» номинациясына ие болуға лайықтыны таңдады. Дияс Серікұлы мен Нұрасыл Қайратұлы тізгіндеген кештің әділ бағасын кәсіпкер, белсенді жас Айтуған Тәжімұратов, «Zhanmurat Photographer» фотостудиясының директоры Жанмұрат Жунит, аудандық ЖРО басшысы Сая Сағынғали, республикалық «Қазақ аруы» байқауының қатысушысы Айбану Жексенғали, «Mi`ss Bai`g`ani`n – 2018» Назерке Мерғалилар берді. Сайыс әдеттегідей «Таныстыру», «Интелектуалды сын», «Өз өнері», «Кешкі көйлектер дефилесі» сынды бес бөлімнен тұрды. Кеш барысында Мейіржан Есенғосов пен Қанат Дүйсекеновтер өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын Нұрсая Қуанышқа, ІІ орын Гүлдана Айниязқызына , І орын Аягөз Нұранға бұйырды. Ал инстаграмдағы фото суреті бірнеше сағат ішінде 790 лайк жинаған Аружан Қазимағанбетова «Miss Virtual – 2019» номинациясына ие болды. Бас жүлде мен 15 000 теңгелік сертификат сұлулығы мен салмақты мінезін тең көрсете алған Әсел Жаңабергеноваға табыс етілді. Жас кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс жасайтын орталық бұл жолы да жастар арасындағы ауыз біршіліктің жоғарылығын дәлелдей алды. Кешке қатысқан аруларға бірқатар жас кәсіпкерлер өз сертификаттарын табыстады.
Жомарт кәсіпкерлер қатарында Мейірхан – Гүлбанат Елубаевтар, Жанар Қоштанбекова, Айбану Жексенғали, Жанмұрат Жунит, Балнұр Ермекова, Шаттық Ержанова, Айымгүл Халықова, Асыланбек - Айгерім Сабыровтар бар. Өздері жас бола тұра өзінен кейінгіге қол ұшын созып, оларды белсенді болуға ынталандыру көбіміздің қолымыздан келе бермейтінін мойындау керек. Барша жастың басын бір арнаға тоғыстырып, пайдалы мен тиімдіні ұштастыра білген жастар ресурстық орталығының кезекті нәтижелі жұмысы осылайша көзімізді қуантып, көңілімізді жадыратты.
Арайлым ҚАСЫМ