Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын мемлекеттік кепілдендірудің бірегей моделі жұмыс істейді

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын мемлекеттік кепілдендірудің бірегей моделі жұмыс істейді («Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы). Әрбір алушы төлемдер құқығына ие болған кезде, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болу кезеңіндегі кірістілік пен инфляция деңгейі жеке есептеледі, ал егер жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді.