Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті.
2019 жылдың 7 айы ішінде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан бері 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды.