ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

20 - 23 тамыз аралығында ауданда халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін о қу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Ол туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында жергілікті радиотораптан бірнеше рет хабарланып, әлеуметтік желіліерге жарияланған болатын. Оқу - жаттығуының алғашқы күнінде аудан әкімі азаматтық қорғау қызметтері басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің, ТЖК мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, азаматтық қорғау қызметтері басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен кіріспе тест алынды. Күннің келесі жартысында төтенше жағдайлардың алдын алу, эвакуациялық іс-шаралар бойынша теориялық дәріс сабақтары өткізілді. 21 - тамызда таңғы сағат 5:30-да Қарауылкелді ауылының батыс бөлігіне протон зымыран тастағышы құлады деп хабарланып, дабыл қағылды. Арнайы жасақ қауіпті аймақтағы тұрғындарды 1500 м қашықтыққа дейін эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қорғау; өртке қарсы; ақпарат-байланыс және хабарландыру; инженерлік; көлік, жол - көпір, энергетика және коммуналдық шаруашылық; материалдық қамтамасыз ету; жануарлар мен өсімдіктерді қорғау; медициналық; радиация және химиялық қорғаныс қызметтерінен 9 штаб құрылып, олардың дайындығы пысықталды. Түстен кейін Т. Жармағанбетов атындағы ОМ жоспарға сай жүргізілген оқу - жаттығу жұмыстары 23 тамыз ға дейін жалғасатын болады.
«Жем – Сағыз» ақпарат