Жаңа оқу жылында – Жаңа IT класс

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында қойған басты талаптардың бірі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2018 – 2020 жылдарға арналаған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Болашақта жаңа технология тілін меңгерген адам қай салада болмасын жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз. Былтырғы 2018 – 2019 оқу жылының басында Т. Жармағанбетов атындағы орта мектебінде ашылса биылғы жылы да қыркүйек айында №1 Қарауылкелді орта мектебінде облыстық бюджеттен бөлінген 1,730 млн теңге қаражатқа заманауи талаптағы IT – класс ашылды. ІТ кабинетте оқушылар 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб - сайт құру жұмыстарын үйренетін болады. Сандық техниканы меңгеріп, робототехникамен айналысады. Кабинеттің ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Ермекбаев, «Nur Otan» партиясы Байғанин аудандық филиалының консультанты Ж. А. Сарсенова, аудандық әдістемелік орталығының меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Ж. Тулегенов, әдістемелік орталықтың «цифровизация» жөніндегі әдіскері А. Қалданова, білім бөлімінің программист маманы Д. Амангосов, мектеп директоры Қ. Қойшығұлова қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Кабинет робототехника, 3D – принтер, проектор, ноутбуктермен жабдықталған.
Ж. А. САРСЕНОВА,
«Nur Otan» партиясы
Байганин аудандық
филиалының
консультанты