«Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі»

13-қыркүйекте осындай тақырыппен аудандық мәдениет үйінде отбасы күніне арналған мерекелік кеш өтті. Ән мен биден шашу шашылған кеште аудан әкімі Қ. Отаров құттықтау тілегін білдірді. Қожабаевтар, Мәпуовтер, Адаевтар, Тәкеновтер, Көшекбаевтар, Жұбашевтар және Құлынбаевтар отбасы аудан әкімінің ұрпақ тәрбиелеуде, ауданның дамуында өзіндік үлес қосқаны үшін мерекелік марапатына ие болды. Сондай-ақ, нарықтағы қиындықтарға қарамастан өз кәсібін дөңгелентіп қана қоймай, туған өлкенің дамуына «Жомарт жүрек» жобасы аясында үлес қосып жүрген Жұмабек Омарғалиұлы, Сапарбек Жақсыбайұлы, Нұржан Ауданбайұлы, Елеусін Мұңалұлы, Ерлан Өтеуұлы сынды азаматтарға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.
«Жем – Сағыз» ақпарат