Қате шоттармен жұмыс

2019 жылдың 1 қараша айындағы жағдай бойынша БЖЗҚ мәліметтер базасында шамамен 195 мың осындай шоттар қалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және БЖЗҚ-ның стратегиялық мақсаттарының бірі ашылған шоттардың толық сәйкестендірілуі болып табылады. Еске сала кетсек, жеке қорлардағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанан кейін салымшылардың деректемелері қате жазылған шоттардың саны шамамен 821 мың бірлікті құрады.Біздің бөлімшелерімізге барып, шотыңыз туралы ақпаратты тексеруге кеңес береміз!