Құс тұмауы

Құс тұмауы - жіті түрде өтетін, респираторлы мүшелері, асқазан ішек
жолдары мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын, құстардың өлімге ұшырауымен аяқталатын өте қауіпті және аса жұғымтал індет. Жабайы құстар,
әсіресе суда жүзетін үйрек, қаздар індеттің таралу көзі болып табылады. Үй құстарын бағып өсіру кезінде адамдарғада жұғуы мүмкін.
Аурудың клиникалық белгілері әр түрлі: дене қызуы қатты жоғарлайды, қысылады, азыққа тәбеті болмайды, шөлдейді, құстар тұмсықтарын ашып, қиналып тыныс алғанда
шиқылдаған, қырылдаған дыбыс шығарады, мойындарын созып алады, аузымен мұрынынан сұйықтық ағады, қауырсындары үрпиген болады. Мойны салбырыап бастары 180 градуска бұрылып кетуі мүмкін, бас аумағы ісінеді, Ауруға шалдыққан
тауықтардың жұмыртқалауы күрттөмендейді,құстардың 90 - 100 пайызы өлімге ұшырайды.
Құс тұмауының жұқтырудың алдын - алу:
Ұшып келген құстар суда жүзетін жабайы құс түрлерін үй құстарымен
қарымқатынаста болуына жол бермеу. Құс фермаларын және құстардың басқа мекендерін залалсыздандыру. Ел ішінде тірі құстарды тасымалдауды шектеу, тамаққа құс етін пайдаланарда мұқият ыстап, өңдеу. Құрметті аудан тұрғындары үйде бағып отырған құстарыңыздан құс тұмауының белгілері байқалса,аудан, ауылдық округтердегі су тоғандарда құстардың өлім – жітімі көбейген жағдайда малдәрігері мамандарына хабар беріңіздер. Құс тұмауы жұқпалы адамдарға да жұғуы мүмкін.
Н. ТЛЕУБЕРГЕНОВ,
Байғанин аудандық аумақтық
инспекция басшысы.