ҚР ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимал жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде

ҚР ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимал жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде аудан көлемінде барлық шаруа қожалық иелеріне мал ұрлығының алдын алу бағытында ұсыныстар жолданып шаралар алынды. Ағымдағы жылы аудан көлемінде 5 мал ұрлығы орын алды оның ішінде 2 ауыр мал ұрлығы орын алып отыр. Осындай мал ұрлығының ауданымызда бір дерегіне тоқталатын болсақ 2020 жылдың тамыз айының 12-сі күні Байғанин ауданының тұрғыны Б.Д.І. және Атырау облысы, Жылыой ауданының тұрғыны Қ.А.Ж. есімді азаматтар Байғанин ауданы, Миялы ауылының Бесбай атты еркін жайылыста сол ауыл тұрғыны К.А. есімді азаматқа тиесілі бір бас сиыр малын қасақана пайдакүнемдік мақсатта өздерінің аңшылық мылтығымен атып алып, УАЗ маркалы автокөлігіне тиеп алу арқылы, жасырын жымқырып кеткен.Осы оқиға бойынша Байғанин ауданы ПБ-мен ҚР ҚК 188-1 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.Байғанин ауданы ПБ-мен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғарыда аттары аталған тұлғалар ұсталынып, ҚР ҚК 188-1 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.Күдікті Б.Д.І. және Қ.А.Ж. есімді азаматтарға қатысты сот үкімі шығып аталған азаматтар 3 жылға бас бостандығынан айырылып, УАЗ маркалы автокөлігі тәркіленді.