Салық төлеушілердің назарына

Салық төлеушілер назарына!
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес негізгі функциясы мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша анықтамалық ақпарат беретін Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰАТ АҚ ББО) құрылды.
ҚР ҚМ СК-імен және ҰАТ АҚ ББО-ымен салықтық қызметтерді көрсету сұрақтарына кеңес беру бойынша, атап айтқанда салық заңнамасының жекелеген сұрақтары бойынша (жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралдар салығы, патент есеп-қисабын, оңайлатылған декларацияны, мемлекеттік қызметкерлер үшін декларацияны толтыру, салық төлеушілер кабинетінде салық есептілігін толтыру және жөнелту) топ құрылды. Осыған орай салық заңнамасының жекелеген сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 1414 және 8-800-080-7777 тегін телефон нөмерлеріне хабарласуларыңызға болады.
Байғанин ауданы бойынша салық басқармасы.
Ақтөбе облысының салық департаменті қазіргі таңда салық қарызының, міндетті зейнетақы тапсырымдарын және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздың жоқтығы (бар болуы)туралы анықтама (келесіде - Анықтама) электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (келесіде – СТ Кабинеті) web – қосымша, «электронды үкімет» порталы (келесіде – ЭҮП), Электронды Мемлекеттік Сатып алудың Ақпараттық жүйесі (келесіде – ЭМС АЖ) арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасы Кодексінің 598-бабы «Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы» 4-пунктіне сәйкес анықтама куәландырылады:
1) қағаз түрінде берілген жағдайда – басшы, оның орнын басатын тұлға, немесе оның орынбасарының қолы және анықтаманы құрастырған салық органының мөрі арқылы;
2) электронды түрде берілген жағдайда - өкілетті органның электронды сандық қолтаңбасы арқылы.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II
«Электронды құжат және электронды сандық қолтаңба туралы» Заңының 7 бабына сәйкес электронды құжатты электронды құралдар арқылы құрастыруға, беруге, сақтауға, жіберуге болады. Осы Заңға сәйкес электронды құжат қағаз түріндегі құжатпен тең.
Атап көрсетілгеннің негізінде электронды түрде алынған анықтама мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысу үшін конкурстық комиссияға беріле алады, сонымен бірге салық органының мөрі, тірі қолтаңба, анықтаманың нөмірі және анықтаманы құрастырған салық органының шығыс құжатының нөмірі қажет емес.
Мемлекеттік сатып алулар конкурсының ұйымдастырушылардың білуі үшін ЭҮП немесе СТ Кабинеті арқылы алынған анықтамаларда осы жүйелер берген бірегей код болатынын хабарлаймыз.
Осы бірегей код арқылы салық төлеушілердің анықтамасында көрсетілген мәліметтің растығын тексеруге болады.
Ол үшін ЭҮП-да "Құжатты тексеру" бөліміндегі "Қызметтерді тексеру" және "Чектерді тексеру" бөлімшесінде авторизациясыз анықтаманың бірегей кодын және салық төлеушінің ЖИН/БИН енгізу керек.
СТ Кабинетінің ашық бөлігінде тіркелу қажет, содан соң «Сервис» бөлімінде анықтаманың бірегей кодын және СТН немесе ЖИН/БИН енгізу керек.